28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Елордада өткен ТМД астаналары мен ірі қалаларының халықаралық Ассамблеясының XXV сессиясына қатысқан Бішкек қаласы мэрінің міндетін атқарушы Эрнис Зарлыков «Нұр Астана» орталық мешітіне арнайы келіп, ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

«Астана» медресе колледжі 1-20 тамыз аралығында жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдайды. Медресеге 17-ден 25-жасқа дейінгі 11 сынып түлектері мен колледж бітірушілері түсе алады. Исламтану факультетіндегі 2 жыл 10 айға  созылатын оқу бағдарламасы аясында шәкірттерге техникалық және кәсіптік білім туралы диплом табысталып, «Имам-хатиб» біліктілігі беріледі.

 Кеше Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде діни бірлестіктермен бірлескен маңызды шара болып өтті. Шараға «Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ басшысы, әділет полковнигі Н.Рысбаев, «Астана қаласының Дін Істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Д.Есин және Астана қаласының діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Аталған шараның мақсаты: «Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында дінаралық татулықты сақтау, деструктивтік діни ағымдардың таралыуының алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру».

Кеше наиб мүфти, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы асыл дініміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан журналистерді марапаттады.

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ораза айт мейрамы елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды. «Нұр Астана» орталық мешітінде өткен Ораза айт мерекесі аясында «Мейірімділік жәрмеңкесі» өтті. Оған мешіт ұстазы Динара Құтқожақызы мен әйел жамағаты, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай ат салысты. Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар сатылды. Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.

Бүгін таңғы жетіде Астана мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Исламдағы атаулы күнді «Нұр Астана» орталық мешітінде қарсы алуға елордалықтар таң сәріден жинала бастады.

Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі –  Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі  Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, мінәжат етеді.

Маусым айының 25 жұлдызында  егеменді еліміздің барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Астана қаласының «Төлебай» мешітінде таң намазынан кейін мұсылман қауымы Ораза айт намазына жинала бастады.

         Бүгін ҚМДБ наиб муфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы мен мешіт ақсақалдары жиналған жамағатқа "Жаназа және жерлеу рәсімдері" атты кітаптың таныстырылымын өткізді.