29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Қасапшылар семинарында құрбандық шалудың әдептері айтылды

Мешіт тынысы
Жарнама

Құрбан айт – қазақ жұртшылығында ерекше аталып өтетін айтулы мереке. Бүгін «Нұр Астана» орталық мешіті айт мерекесінде құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды. «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атауымен өткен шараға «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Ілияс Отаров, ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС сарапшысы Алмагүл Қуанышқызы, Астана қалалық СЭС-тың жетекші маманы Айбек Бақытбеков қатысып, қасапшыларға діни әрі тазалық турасында кеңестер айтты.

kasapshy (2)

Мешіт ұстазы Ілияс Отаров: «Санаулы күннен соң келетін Құрбан айт мерекесінде құрбан шалғысы келетін қала тұрғындарына кәсіби тұрғыда қызмет ету – сіздерге жүктелген үлкен міндет. Қала әкімдігі осыған орай қаламыздан мал союға арнайы он нысан белгіледі. Айтулы күндері құрбандық малдарын шариғи шарттарын сақтай отырып союға аса үлкен мән берілуі керек» дей келе, мал союдың өзіндік мәдениеті, талап-шарттары мен ережелері болатынын айтып, қасапшыларды өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін айтып өтті.

kasapshy (12)

kasapshy (8)

Семинар-тренингте ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС-нан келген сарапшы маман Алмагүл Қуанышқызы құрбан шалудың шариғаттағы талаптарына тоқтала келе мал союдың өзіндік әдептерін атап өтіп, қасапшыларға кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, мал союдың қыр-сырын қатысушыларға экран арқылы көрсетіп, практикалық тұрғыдан жеткізіп, жіті көңіл бөлу керек болған тұстарына тоқталды. Астана қалалық СЭС-тың жетекші маманы тарапынан тазалық турасында бірнеше кеңестер мен ескеретін мәселелер қозғалды. Нақтырақ айтқанда, маман Айбек Бақытбеков қасапшылардың жеке бас тазалығы мен бұрын-соңды жұқпалы, қатерлі дертпен ауырмағаны расталатын куәліктің болуы маңызды екендігін айта кетті. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді.

kasapshy (1)

kasapshy (4)

kasapshy (10)

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: