24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Етеккірі келген әйелге тыйым салынатын істер

Сұрақ-Жауап

Намаз оқу

Етеккірі келген әйелдің намаз оқуына болмайды. Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) Фатима бинт Хубайшқа:

«Етеккірің келіп жүргенде намаз оқыма, сосын бой дәрет алып намаз оқы! [яғни етеккірі біткеннен соң толық ғұсыл құйынып]»[1] - деп бұйырған. Етеккірі келген әйел оқи алмаған намазын қаза қылып оқымайды, ұстай алмаған парыз оразаларын қаза етіп ұстайды. Хазіреті Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.ғ.с.) кезінде етеккір келгенде намазды қайта оқуға бұйырылмағанымызбен, ұстай алмаған оразаны қаза етіп ұстауға бұйырылатынбыз».[2]

Ораза ұстау

Етеккірі келген әйел ораза ұстамайды. Дәлелі жоғарыда айтылған Хәзіреті Айшадан жеткен хадис. Бірақ парыз ораза олардың мойнынан түспейді, қаза етіп ұстаулары керек.

Тауаф

Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) қажылық кезінде етеккірі келген Хазіреті Айшаға (р.а.) былай деген:

«Етеккір болғанда тазарғанша Бәйтұллаһты тауаф етуден басқа қажылық құлшылықтарын орында!».[3]

Құран Кәрім оқу

Етеккірі келген әйел мен жүніп адам Құран оқи алмайды, Құранға қол тигізе алмайды және оны қап, сөмке сияқты сырт қабынсыз қолымен ұстап алып жүре алмайды. Алла Тағала:

«Оған (Құранға) толық тазарғаннан басқалар қол тигізе алмайды» - деген.[4] Хазіреті Пайғамбар да бұл туралы былай дейді:

«Етеккірі келген әйел мен жүніп адам Құраннан ештеңе оқи алмайды».[5]

Бұл айтылғандарға қарағанда қорап немесе сөмкенің ішіндегі Құранға қол тигізу немесе көтеру етеккірі келген және жүніп адамдарға болады. Бұдан басқа ғылыммен айналысқан адам тәпсір, хадис және фиқһ кітаптарын қажеттілігінен киімінің жеңімен немесе қолымен ұстауына болады. Құранның беттерін дәретпен парақтау – мүстахаб. Және бұл беттерді ашу үшін қаламмен аударуға да болады. Екінші жағынан етеккірлі және жүніп әйел тәспих, тәкбір, зікір, салауат оқи алатыны сияқты дұға аяттарын да дұға ниетімен оқуына болады. [6]

Мешітке кіру

Етеккірлі әйел мен жүніп адамның мешітке кіруіне, сол жерде отыруына немесе иғтикафқа[7] кіруіне болмайды. Хадисте: «Ешбір етеккірлі және жүніп адам үшін мешітке кіру халал емес»[8] - делінген.

Жыныстық қатынаста болу

Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Сенен етеккір (хайыз күндері) туралы сұрайды. (Оларға) айт: Ол – ауртпалық. Сондықтан етеккір мезгілінде әйелдеріңнен аулақ болыңдар, (етеккірден) арылғанша (жыныстық қатынас үшін оларға) жақындамаңдар, әбден пәк болған (тазарған) кездерінде (ғана) Алла өздеріне бұйырған жеріне жақындаңдар. Ақиқатында Алла көбірек тәубе етушілерді һәм көбірек тазаланғандарды сүйеді»[9] - деген.

Етеккірі келіп жүрген жұбайымен қаншалықты қатынаста болуы керектігін сұраған сахабаға Алла Расулы (с.ғ.с.):

«Саған кіндіктен жоғары жағына рұқсат етіледі»[10] - деп жауап берген.

    

Ажырасу

Етеккірі келіп жүрген әйелімен ажырасуға құқсат етілмейді.

«Әйелдеріңді талақ етсеңдер, оларды иддәт мерзімі ішінде (таза кезінде) ажыратыңдар»[11] - делінеді. Яғни иддәті[12] заңды болып саналатын уақытта ажырасыңдар деген сөз. Өйткені етеккір мезгілінің қалған уақыты иддәт болып саналмайды.

 

 

 

Ислам ғылымхалы дәлел-дәйектерімен

[1] Бұхари, Хайыз, 19, 24; Мүслим, Хайыз, 62; Әбу Дәуіт, Тахара, 109; А. б. Ханбал, VI, 42, 141, 187, 194, 204, 222;

[2] Бұхари, Хайыз, 1, 7, Хаж, 81, Едахи, 3, 10; Мүслим, Хаж, 119, 120; Әбу Дәуіт, Мәнәсик, 23.

[3] Бұхари, Хайыз, 20; Әбу Дәуіт, Тахара, 104; Тирмизи, Саум, 67; Нәсәи, Хайыз, 17, Сиям, 64.

[4] Уақи’а, 56/79

[5] Тирмизи, Тахара, 998; Ибн Мәжә, Тахара, 105.

[6] Зухайли, әл-Фиқһул-Исләми уә Әдилләтуһу, 1, 471; Дәрими, Уду, 103.

[7] Иғ­ти­қаф – бір жер­де тү­ру, кү­ту, өзін бір жер­ге қа­мау де­ген сөз. Фиқһ тер­ми­нін­де – бір ме­шіт­те не­ме­се со­ған ұқ­сас бір жер­де иғ­ти­қаф­қа ниет етіп, бел­гі­лі бір мез­гіл сол жер­де қа­лу. 

[8] Ибн Мәжә, Тахара, 92, 126; Әбу Дәуіт, Тахара, 92; Дарими, Уду, 116.

[9] Бақара, 2/222.

[10] Дәрими, Уду, 107; Шәукани, Нәйлул Әутар, I, 277.

[11] Талақ, 65/1.

 

 

«ummet.kz» 

 

 

Бөлісу: