24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйел кісі төркініне барғанда намазды қалай оқиды?

Қағида бойынша, бір мұсылман өзінің туып-өскен жерінен кетіп басқа елді мекенге қоныстанса және сол жерге тұрақтауды ұйғарса, оның туып-өскен жері - «негізгі отан» статусын жоғалтады[1]. Олай болған жағдайда, алыстағы (ең кемі 90 шақырым) туып-өскен жеріне барғанда намазын қысқартып оқиды. 

Құлшылықта жарысу қалай жүзеге асады?

«Қайда болсаңдар да Алла баршаңды бір жерге жинайды». Бәріңнің құбыладағы бағыттарың әр түрлі болса да Қағба бір болғандықтан бәрің бір мешітте тұрған жамағаттай боласыңдар. Иә, расында Харам мешітіне барып намазға тұра қалсаңыз бір мешіттің ішінде төрт бағыттан бет тұрған жамағатты көресіз. Бірақ бұл бірліктің белгісі. 

Аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

Ислам – тазалыққа негізделген дін. Тазалық – дініміздің ең басты қағидаларының бірі. Әрі көптеген ғибадаттардың қабыл болуы осы тазалыққа тікелей байланысты. Мұсылманның ең абзал құлшылығы намаз екені баршамызға аян. Алайда сол намаздың дұрыс болуы үшін, денеміз, киіміміз және намаз оқитын орнымыз нәжістен таза болуы шарт.

Әйелдердің мешітке жамағат намазына келуі шарт па?

Жас әйелдердің мешітке жамағат намазына келуі – мәкруһ тахриман. Ал жасы келген әйелдердің таң, ақшам және құптан намаздарына келуінде әбестік жоқ (Мухтасар әл-Қудури).