Намаз соңында салауатты оқыған кезде «сәйидинә» сөзін қосу бидғат емес, мәндүб, мұстахаб амал: «Аллаһуммә салли аля сәйидинә Мұхәммәдин уә алә әәли сәйидинә Мұхәммәд...». Оның «бидғат» емес екендігі жайында ғалымдардың көпшілігі айтқан, соның ішінде Ханафи, Шәфиғи және Мәлики мәзхабының ғалымдары бар.
Әйелдер намаздағы «рүкүғ» амалын қалай орындайды?
Әйел кісілер рүкүғ жасағанда аздап иіледі және саусақтарының арасын ашпастан тізесіне қолын қояды (суреттегідей). Тізесін аздап бүгеді. Қолдарын тізеге таямайды[1].
Жолаушы адам намаздарын қысқартпай толық оқып қойса, санала ма?
Жолаушы кісі төрт рәкәғаттық парыз намаздарды екіге қысқартпай толық оқыса, мәкруһ істеген болады, бірақ намазы дұрыс.
«Қоғамдық көлікте» кетіп бара жатып намазын оқып алса бола ма?
Қаланың сыртында болуы керек, шамамен қаладан ең кемі 10-20 шақырым ұзақтықта болуы тиіс (ескілікті фиқһ кітаптарында екі фарсах ұзақтық делінеді). Жолаушы болсын, мейлі тұрғылықты болсын, қаланың сыртына шықса, көлікте оқу мүмкіндігі туады.
Ақшам намазында қаза намазды оқуға болмайды деген рас па?
Ақшам намазының уақытында қаза болған намаздың қазасын өтеуге болады. Мәселен, ақшам намазы енді кірген болса, оның алдында қаза болған асырды өтеп алып, одан кейін ақшамды оқығаны абзал.
Сурет бар киімді кисе бола ма, намазға кедергісі бар ма?
Ханафи мәзхабында тірі жанның суреті бар киімді кию мәкруһ саналған, мейлі намазда кисін, мейлі жай кезде кисін, үкімі бір.
Истихара оқып істеген іс «қайырсыз» боп шығуы мүмкін бе?
Біріншіден, ол да басқа нәпіл намаздар мен дұғалар сияқты қабыл болуы да, қабыл болмауы да ықтимал.
Истихара оқып істеген іс «қайырсыз» боп шығуы мүмкін бе?
Біріншіден, ол да басқа нәпіл намаздар мен дұғалар сияқты қабыл болуы да, қабыл болмауы да ықтимал.
«Таң намазына көңіл айнасы лас адам тұрмайды»
Бір дәруіштен: «Таң намазында неге ауа сондай саф, таза, хош болады?» – деп сұрапты.
Қаза намазынан кейін тәспі тартыла ма?
Қаза намазын оқып болғаннан кейін әдеттегідей тәспі тарту үрдісі қалыптаспаған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Хандақ» соғысында қаза болған төрт намазды сахабалармен өтеген кезінде, оларды қатарынан өтеп, арасында тәспі тартпаған еді.
Рукуғқа барғанда, рукуғтан тұрғанда қолды көтеру мәселесі
Ханафи және Мәліки мәзхабтарында намазда қол тек ифтитах тәкбірінде ғана көтеріледі. Рукуғқа барғанда және рукуғтан тұрғанда қолды қайта көтерудің қажеті жоқ. Бұл жайында хадисші әрі фиқһ ғалымы Имам Мәлік (р.а.) былай дейді: «Намазда әр тәкбір айтқанда қолды көтеру дегенді білмеймін. Сәжде де болсын, рукуғ та болсын. Қол тек намаз басталғанда ғана аздап көтеріледі».