24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әр ұнамсыз жағдайдан Аллаға жақындауға мүмкіндік іздеңіз

Әр ұнамсыз жағдайдан Аллаға жақындауға мүмкіндік іздеңіз

Иман келтіру

Сізге біреу ұрысса «осы ситуацияның арқасында сүннетке амал етемін, хадиске, Құранға амал етемін, Алланың разылығын ала аламын, осы адам арқасында өсемін, рухани баи түсемін, Аллаға жақындай түсемін» деңіз.

Аяқ киіміңізді біреу басып кетті делік. Сіз осындайситуация болмаса, шынымен көркем-мінезіңіздің шынайлығын сынай алмайтын едіңіз. Сабырлы болуды, жақсы ойлауды үйренбейтін едіңіз.

Егер шынымен көркем-мінезді болғыңыз келсе, жайсыз ситуацияларға. адамдардың сындарына дайын болыңыз.

Ұмытпаңыз, мұның барлығы тек Алланың қалауымен болады. Ашулану, ренжу, претензия көрсету арқылы расында, сіз Аллаға қарсы шығатыныңызды ескеріңіз.

Сізбен амандаспайтын адаммен амандаса беріңіз. Сізге қастандық жасағанға сыйлық беріп, ол үшін дұға етіңіз. Сіз арланатын істерді әдейі жасаңыз (дәретхана тазалап, т.б)

Біреу сізге ұнамсыз сөз айтса, ақтап алыңыз. Өзгелерді үнемі көтеріп, мойындаңыз. Қателіктеріңізді мойындаңыз, жарыспаңыз. Адамдардың алдында емес, Алланың алдында идеалды болуға тырысыңыз. Адамдардың махаббатына емес, Алланың сізді жақсы көруіне талпыныңыз.

материал «Көркем мінезді аруға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: