24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Миғраж түні жасалатын амалдар

Миғраж түні жасалатын амалдар

Иман келтіру

Асыл дінімізде қасиетті түндердің бірі – Миғраж түні. Бұл түнді қалай өткізген дұрыс? Миғраж түнінде жасалатын ізгі амалдар қандай? Қасиетті түннің күнін оразамен, түнін ғибадат құлшылықпен өткізу керек.

Намаз оқу. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді. Намазды жамағатпен оқыған және өткізіп алған намаздардың орнын толтырған дұрыс.

Әнас бин Мәлик (р.а.) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деген:

«Рәжәб айында еркше бір түн бар. Ол – айдың 27-түні. Бұл түні құлшылық қылған адамның алар сауабы 100 жыл құлшылық қылған адамның алатын сауабымен тең. Кімде-кім 12 рәкат намаз оқып, Фатихадан соң бір сүре оқып, әрбір екінші рәкаттан соң сәлем беріп, 100 рет мына дұғаны: «субханаллаһ, уәлхамдулиллах уә лә иләһә иллә Алла, аллаху әкбар» оқып, 100 рет «астағфирулла» деп, соңынан: «ассаләту уәс сәләму әлләйкә йә Расуллаллаһ» деп салауат айтып, өмірі мен жұмысына береке сұрап, сол күні күндіз ораза тұтса, Алла оның күнәларын кешіреді» (Байһақи, шұғаб, сиям: 3811; 3/374).

Ораза ұстау. «Ражабтың 27-ші күнінде ораза ұстаған адамға 60 жылдық ораза сауабы беріледі» делінген. (И.Ғазали, Әбу Муса әл Мәдәни)

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көптеп салауат айту. Исра мен Миғраж оқиғасы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басына келген түрлі ауыртпалықтардан кейінгі Алланың сүйікті елшісіне (с.ғ.с) жасаған сыйлығы болды. Бұл оқиға Пайғамбардың (с.ғ.с) мұңын кетіріп, қайғысын сейілтті. Осылайша бүкіл жер бетіндегі есіктер алдында қақ жабылса да, аспанның есіктері Ол (с.ғ.с) үшін әрдайым ашық болатынын көрсетті. Ендеше бұл түні Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтуды ұмытпаңыз.

Құран оқу. «Құлын бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен айналасын берекелі еткен Ақса мешітіне Исра жасатқан Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк» («Исра» сүресі, 1-аят), – деген. Және хадисте: «Қай уақытта болмасын, адамдар Алланың үйлерінің бірінде жиналып, онда Алланың Кітабын оқыса, оларға әлбетте тыныштық түседі (орнайды), сондай-ақ оларды мейірім орап, оларды (жан-жақтарынан) періштелер қоршайды және Алла оларды, Өзінің алдарындағылардың ішінде еске алады» делінген (Муслим).

Жасаған қателіктеріміз бен күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұрау. Әбу Умам (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Алланың елшісі (с.ғ.с) Аллаға көптеген дұғалар жасайтын да, оларды біз есімізде сақтай алмайтынбыз, сосын бірде біз оған: «Я, Алланың Елшісі, сен Аллаға көптеген дұға жасап, оларды біз есімізде сақтай алмадық!», – дедік.   Бұнымызға Пайғамбар (с.ғ.с) былай деді: «Сендерге осының бәрін біріктіретінді үйретейін бе? Былай деңдер: «Я, Алла, мен Өзіңнен Сенің пайғамбарың Мұхаммад (с.ғ.с), сұраған игілікті сұраймыз және Өзіңнен Сенің пайғамбарың Мұхаммад (с.ғ.с), сыйынған барлық зұлымдығынан сыйынамыз! Көмекті Өзіңнен ғана сұрау қажет, ал дұғаны қабыл етуді Өзің ғана шешесің және Алладан басқа ешкімде күш қуат жоқ!» (Тирмизи).

Бұл түннің қасиеті мен маңыздылығы жайлы жақындарға, достар мен балаларыңызға айту артықтық етпейді. Барлық ғибадаттарды, дұғаларды шын ниетпен, ықыласпен орындасаңыз, Алла тағаланың сізге сыйлар сауабы да ұшан-теңіз болмақ.

Айта кетейік, биылғы мұсылман күнтізбесіндегі Миғраж түні 10-наурыздан 11-наурызға қараған түні болып есептеледі.

ummet.kz

Бөлісу: