24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қазақ тарихында аты алтын әріппен жазылған аналар

Бәрімізге белгілі қоштасу қажылығында Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жиналған жұртшылыққа: «Уа адамдар! Әйел құқығына қатысты барлық нәрседен қорқыңдар. Әйелдердің сендердің алдарында міндеттері болғандай, олардың да алдында сендердің міндеттерін бар» - деп жетінші ғасырдың өзінде әйелдер құқығының басымдылығын атап көрсеткен.

Әбу Ханифаның Рамазанда Құранды 100 рет хатым еткені рас па?

Имам Ағзам Әбу Ханифаның (р.а.) түнде намаз оқып тұрып «бір рәкәғатта» бүкіл Құранды хатым еткендігі бірнеше деректе расталған.

Имам Әбу Ханифаның адамдармен, ата-анасымен қарым-қатынасы

Әбу Ханифаның, Алла оған рахым етсін, жомарттығы және кеңпейілдігі туралы былай деп жеткізіледі:

«Абай жолындағы» тарихи шындық пен өтірік

«Абай жолы» кітабы болған оқиғалар негізінде жазылғанымен, көркем шығарма екенін де естен шығармаған жөн. Әрине, Әуезов көптеген оқиғаларды кітабында өмірде болғандай етіп беруге тырысты.

Хәкім Абайдың Жаратушы жайындағы дәлелі

Иман мен көркем мінез қашан да адамды ақиқатқа жетелейді. Абайдың қара сөз бен өлеңдерін терең барлап қарасаңыз, оның осы ақиқатқа шақырғанын – діттеген межесі мен аңсаған арманы осы екенін аңғарасыз. Сол себепті Абай әуелі иман дейді. Абайдың иманы – Алланың шәриксіз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына және Хазіреті Мұхаммед арқылы жіберген жарлығы мен білдіргеніне мойын сұнып иман ету.

Имам Ағзамның «Әбу Ханифа» деп аталу себебі

Имам Ағзам Әбу Ханифа: имам Ағзам һижраның 80-жылында (б.ж.с. 699 ж.) Ирактың Куфа қаласында дүниеге келген.

Хусамуддин әс-Сығнақи – Ханафи мәзһабының белді ғалымы

Сығнақ үлкен білім орталығы болған. Оның топырағынан сан қилы ғалымдар, ақындар, қолбасшылар шыққан. Соның бірі Һисамиддин Сығнақи, Дәруіш Әли ас-Сығнақи, Хусам ад-Дин ас-Сығнақи, Молла имам ас-Сығнақи, Камал ад-Дин ас-Сығнақи, Шайдай шайқы Сығнақи сияқты біртуар ұлдар кезінде Сыр бойының мақтанышына айналды. Сыр бойындағы Сығнақ қаласында дүниеге келген Һисамиддин Сығнақи Сунақата 1132-1199 жылдары өмір сүрген. Отырар қаласындағы кітапхананы басқарған Һисамиддин Сығнақи Сунақата ғұлама ғалымның атақты діни шығармалары «Нихая» мен «Хидая» кітаптарын осы қалада жазған. Бұл еңбектерге оның немересі ғұлама ғалым, әрі ақын шайыр екендігін айта келіп, мұсылман ілімінің заң ғылымы бойынша маманданған, сонымен қатар хадистанушы, философ, тарих, тіл мен әдебиет саласында таланты діннің қылышы атанған Хусамуддин әс-Сығанақи талдау жасаған.

Әбу Бәкірдің (р.а) бір түнгі ғибадаты

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бақиға аттанғаннан кейін мұсылмандар өз ішінен бір басшы сайлау қажеттігін талқыға салды. 

Руфайда – үмметтің ең алғашқы медбикесі

Медбике Руфайда – тек жоғары құрметке ие болған әйелдердің бірі ғана емес, ол хижреттен кейін Алла Елшісінен (с.ғ.с.) ант қабылдаған (дінді қабылдаған), Пайғамбардың (с.ғ.с.) аса құрметті сахабасы болған. Ухуд, Хандақ, Хайбар шайқастарына қатысқан.