24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Егер, әке болсаң, мейірбан Әкенің (с.ғ.с) мәмілесін есіңе ал!

Бауырым бәрімізге бір насихат болсын. Егер, малдүниең көп, дәулетті адам болсаң, Араб жазирасына түгелімен үстемдік еткен, Араб басшыларын кемел мінезімен бағындырған Алланың саған таңдаған сүйіктіңнің (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) өте қарапайымдылығын әрі кең жомарт екенін ойлан бауырым!

Айюб (ғ.с) пайғамбардың әйелінен бізге қалған насихат

Бұл қиссада тұрмысы қарапайым, жаны жомарт, сабырын сары алтынға айналдырған, оған құдіреті күшті Алла Тағала кереметі мен игілігін аямаған Айюб пайғамбардың әйелінің өмір жолы мен тіршілігі жайлы әңгімеленеді.

Амалдың Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сәйкес келуі

Бұл – тек дұғаның ғана емес, ғибадат түрлерінің барлығының да шарты. Өйткені Алла Тағала: «(Мұхаммед! Оларға): «Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі туралы уахи етілді. Ендеше кім Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал жасасын және Раббысына істеген құлшылығына ешкімді ортақ етпесін» де», – деген.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) емшілік қабілеті болған ба?

Алла елшісі (с.ғ.с.) нұры кеткен, адасқан жүректерді емдеуші көңілдерге жұбаныш, қайғы мұңдағыларға үміт сыйлайтын рухани дәрігер десек болады, өйткені Алла елшісі (с.ғ.с.) адамдардың жандүниесін байытып, екі дүниенің бақытын сыйға тартып, дін Исламды таратушы.

Пайғамбардың (с.ғ.с) ерлі-зайыптыларға айтқан өсиеті

Фатима (р.а.) мен Али үйленгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) үй шаруаларын екеуіне бөліп, үй ішіндегі істерді Фатимаға, ал түздегі істерді Алиге бергендігі риуаят етілген (Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 2/39).

Адамға періштелердің сәжде қылуы

Сонымен, Алла Тағала Адамның құрметті әрі білімді екенін көрсеткеннен кейін періштелерге оған сәжде қылуды бұйырды. Олардың арасында Ібіліс те бар еді.