25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти халықаралық конференцияға қатысты

Наиб мүфти халықаралық конференцияға қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Каир қаласында Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдул Фаттах ас-Сисидің қамқорлығымен өткен «Зияткерлік қауіпсіздікке қол жеткізудегі пәтуа» халықаралық конференциясына қатысты.

Мұсылман әлемінің ғалымдары, мүфтилері және пәтуа мамандары қатысқан конференция Дүниежүзілік пәтуа күніне орай алғаш рет өткізіліп отыр. Сансызбай Құрбанұлы конференция қатысушыларына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, баяндама жасады.

«Зияткерлік қауіпсіздік жеке адамдар мен ұлттардың тұрақтылығының негізін құрайды және қазіргі заманның зияткерлік сын-қатерлеріне қарсы тұруға көмектеседі. Қазақстандағы діни институттар орта жолдағы ислам құндылықтарын нығайтуға және қазақи ұлттық бірегейлікті қорғауға үлкен күш жұмсап жатыр. Зияткерлік қауіпсіздікті нығайту және жастардың санасын қазіргі заманғы сын-қатерлерден қорғау үшін діни, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлесіп әрекет етуі маңызды. Қазіргі заманғы зияткерлік қауіп-қатерлерге қарсы тұруда зияткерлік қауіпсіздікті нығайтудың аса маңызды. Зияткерлік қауіпсіздік жеке адамдар мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді әрі атеизм мен экстремизм сияқты мәселелерге қарсы тұруға мүмкіндік береді» деді наиб мүфти.

Бөлісу: