25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ата-анаңның қандай адамдар болғанын қалар едің?

Ата-анаңның қандай адамдар болғанын қалар едің?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ата-анаңның қандай адамдар болғанын қалар едің?

- Жақсы жақтарымызды көре білсін.

- Қатемізге түсіністікпен қарасын. «Мен бір қате істесем, екі күн сөз қылып басқаларға да айтып миымды жейді, ал өздері қате істесе тез ұмытады»; «Бір жұмыртқа жарып алсам бәлеге қалам, ал шешем ылғи да жарады ештеңе болмайды»

- Ылғи да солардыкі дұрыс болмасын. «Ағай, айтыңызшы солардың айтқандары ғана ылғи дұрыс па?»

- Бір нәрсе істегенде біздің де қалауларымызбен санассын, ескерсін.

«Олар айтса болды біз де қыдыруға шығамыз. Ал, біз қыдырайық десек, олардың үйде отырғылары келе қалады?»

- Жаман баға алсақ, бізді ұрыспасын, жақсы баға алсақ мақтасын. «Жаман баға алып келсең, «Сен тегі оқыған емессің ғой» деп ұрсады да, ал жақсы баға алып келсең, үндемей қоя салады» «Жақсы баға әкелсем, ешкім маған қарамай қояды. Жаман баға алсам, бәрі маған шұқшия қалады»

- Бізді қорқыта беріп стресске ұшыратпасын;

- Алдымен іс-әрекеттерімен өздері үлгі болсын;

«Бізге мынаны бүйтпе» дейді де, өздері дәл соны істейді. «Әкем маған «Теледидардың алдынан шықпайсың» деп ұрсады да, ал өзі болса фильмдерді менен көп көреді»

- Қонақтардың қасында ғана бізге жік-жапар болмасын;

- Басқалармен салыстыруын қойсын; - Ылғи бізді кінәлай бермесін;

- Бізге сенетін болсын; - Біз өссек те, ойынды жақсы көретіндігімізді ұмытпасын;

«Ылғи да: «Сабақ оқы!», – дей береді, бірде-бір рет «Барып ойнап қайта ғойшы» дегендерін естімедім»;

- Әкеміз үйге кеш қайтпасын;

- Өз замандарымен біздің заманымызды салыстырмасын;

- Бұйырып істетпей, өтініп істетсін;

- Бізге қатысты нәрсеге өзіміз шешім айтқымыз келеді;

- Бауырларымызбен төбелесіп қалғанда әділдігін ғана айтсын;

- Өздерінің де қателіктерін айтқанда бізге ұрыспайтын болсын;

- Бізді әлі сарыауыз балапан деп ойламасын;

- Қастарынан бір елі ажыратпай қоймасын;

- Біреуге ашуланса, өшін келіп бізден алмасын;

- Өздері бір керемет болмаған соң, бізден де керемет болуды күтпесін;

- Өз мамандығымызды өзіміз таңдағымыз келеді;

- Елден көргенін келіп бізге істемесін;

- Жақсы көретін киномызды көріп жатқанда, отырып-ақ, басқа телеарнаға ауыстырмайтын болсын.

Түйін: Бала жанын жақсы түсінбей тұрып, оған көмектесудің қиын екенін ұмытпайық.

материал «Балам жақсы болсын десеңіз» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: