25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қыздарға қатысты 15 хадис

Қыздарға қатысты 15 хадис

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Егер бір еркектің қызы туылса, ол оны ренжітпей, зарар бермей, ұлына ғана ұрысып, тәрбиелейтін болса, Алла тағала қызы үшін оны жәннатқа кіргізеді». (Ибн Аббастан Ахмад риуаят еткен).

«Дүниеге қыз келген уақытта, Алла тағала ол жерге періштелерді жіберіп, сәлемін айтып: «Мына үйдің тұрғындары, сендерге сәлем болсын»,-дейді. Періштелер қанаттарымен жаңа туылған қызды қорғаштап былай дейді: «қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты. Егер әкесі оны тәрбиелеп өсірсе, қияметке дейін оған Алланың жәрдемі болады». (Набит бин Шурайттан Табарани риуаят еткен).

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер тынбай (үздіксіз) келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар (сол қыздың) ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады» деген.

«Дүниеге қыз келген уақытта, Алла тағала бір періште жібереді. Періште: «қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты»,-дейді. Кім осы нәрестені тәрбиелеп өсірсе, Алла оған қияметке дейін жәрдем береді. «Дүниеге ұл келсе, Алла тағала аспаннан періште жібереді. Періште нәрестенің екі көзінің арасын сүйіп: «Саған Алланың сәлемі болсын»,-дейді.(Анастан Табарани риуаят еткен).

«Ең жақсы балалар – нәзік, мейірімді, қымбатты, игі қыздар». (Алиден Дилми риуаят еткен).

«Қыздарыңызға ашуланып, ренжімеңіздер, өйткені олар қымбатты, мейірімді». (Набит бин Шурайттан Дилми риуаят еткен).

Бір адам пайғамбармен с.а.с. отырған уақытта, оның баласы жанына келді. Ол баласын сүйіп тізесіне отырғызды. Ал жанына қызы келгенде, алдына отырғызды, бірақ сүймеді. Сонда Алланың Елшісі: «Сен неге оларға әділсіздік жасайсың?»,-деді. (Анастан шейх Юсуф риуаят еткен).

«Алла тағала өз қыздарына сабырлық еткен әрі осы үшін сыяпатқа ие болатынын білетін адамды жақсы көреді». (Абу Хурайрадан Абу Шейх риуаят еткен).

«Қыздар – олар мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Алла тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі». (Анастан Дилми риуаят еткен).

«Егер бір адамның үш қызы болса, оларды киіндіріп, қамқорлық етіп, тамақтандырып оларға сабырлық етсе, қыздары қиямет күні тозақ отынан сақталуына себепші болады». (Ъуқба бин Амирден ибн Мажа риуаят еткен).

«Біреудің басына қыздары себепті қайғы-қасірет, сынақ келсе, ал ол оған сабырлық етсе, оттан құтқарылуына қыздары себепші болады». (Айша р.а. анамыздан Тирмизи риуаят еткен).

«Кімде кім екі қызын немесе қарындастарын немесе анасының сіңлілерін немесе әкесінің қарындастарын немесе әжелерге қамқорлық етсе, жәннатта Менімен[13] бірге болады. Ал кімде кім жоғарыда аталғандардың үшеуіне қамқорлық етсе, құтқарылушылардан болып, жетістікке ие болады. Ал кім олардың төртеуіне немесе бесеуіне қамқорлық етсе…, ей адамдар, солар секілді болыңдар». (Абу әл-Мухбирден Табарани риуаят еткен).

«Кімнің үш қызы немесе қарындасы болса, ал біреуде екеуі болса, оларды тек қана Алланың разылығы үшін ренжітсе, дегенмен оларға жақсы мәміле жасаса – ол үшін берілетін сыйлық жәннат болады». (Абу Саъид әл-Худриден Тирмизи риуаят еткен).

«Әйелге игілік, салиқалық берілгеннің белгісі – оның тұңғышының қыз болуы. Себебі Алла былай дейді: «Егер қаласа біреуге қыз береді, қаласа ұл береді». (Ибн Умардан ибн Мардауия риуаят еткен).

«Салиқалы әйел – ол, аз төлемді кешіріп, бірінші нәрестесі қыз болады». (Айша р.а. анамыздан Суюти риуаят еткен).

Бөлісу: