Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Араларыңызда кім имамнан бұрын басын сәждеден көтерсе, оның басын Алла тағала есектің басына айналдырып жіберуінен немесе көрінісін есектің түріне ұқсатып қоюынан қорықпайды ма?»,- деді.
Абдулла ибн Язид (р.а.) айтты: «Бұл хадисті маған Барра айтып берген болатын, ол ешқашан жалған сөйлемейді»,- деді. «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- деп сәждеге бармағанынша, ешқайсымыз сәждеге бармайтынбыз, ол кісі сәждеге барғаннан кейін ғана біз сәжде қылатын едік»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz