25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ақшам намазы

Ақшам намазы

Намаз

Ақшам (намазшам) намазының үш рәкат парызы бесін мен намаздыгер намазының алғашқы үш рәкат намазы секілді оқылады.

Алдымен ақшам намазының парызына ниет етеді де, қол көтеріп, тәкбір айтып, қол байлайды. Содан кейін жоғарыда айтылғандай екі рәкат оқылып, болған соң отырып, «әт-тахият» оқиды (осы жерге дейінгі намаз оқу тәртібі Таң намазының парызының «әт-тахият» оқығанға дейін бөлігімен бірдей). Бұл – бірінші отырыс. Міне, осыдан кейін тәкбір айтып, үшінші рәкатқа бастайды. Бұл жерде Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқылады да, сүре, аят оқылмай, рүкүғ пен сәждеге барып, ақырғы отырысқа отырады. Бұл жерде «әт-тахият», «салауат» және дұға оқып барып, екі жаққа сәлем береді.  Ақшам намазында уақыт қысқа болғандықтан, қысқа сүрелер оқылады.

Ақшам намазының екі рәкат сүннеті – айна-қатесіз бамдат (таң) намазының екі рәкат сүннетіндей оқылады. Жеке адам ақшам намазы парызының екі рәкатын бамдат намазының парызы секілді жария оқи алады. Бірақ соңғы рәкатта Бисмиллаһ пен «Фатиханы» құпия оқиды.

Бөлісу: