24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бір мәзһабты тақлид ету – харам да емес, шариғатқа қайшы да емес

Тақлид – бір адамның сөзіне және бұл сөздің дұрыстығы жөніндегі дәлелді білместен ілесу дегенді білдіреді. Мұны тақлид десең де, ілесу, еру десең де бұлардың сөздікте еш айырмашылығы жоқ, екеуінің де мағынасы бірдей.

Сүннетті жоққа шығару бүлігі алғаш рет қашан туындаған?

Сүннетті жоққа шығару бүлігінің шығатынын Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонау он төрт ғасыр бұрын мұғжиза ретінде хабар беріп кеткен. Алла елшісі (с.а.у.): «Маған Құран және тағы да сондайы (сүннет) берілді. Жақында қарны тоқ, күрсісіне жантайған біреу «Сендерге Құран жеткілікті. Ол жерде не халал болса, соны халал деп біліңдер. Ал не харам болса оны да солай қабылдаңдар» дейді.

Дінде шектен шығушылардың басты қателіктері

Дінде шектен шығушылардың ұдайы күн тәртібіне қойып жүрген мына мәселелерге тоқталамыз:

«Сәләфия» сөзінің алғаш бұрмалану тарихы

«Сәләфия» сөзінің тілдік мағынасы «бір нәрсеге қатысты болу» дегенді білдіреді. Сол себепті сәләфия сөзінің ұғымында кезеңдік шектеу реңкі жоқ, барлық заманға қатысты қолданылады.

Діни алауыздықтың (фитна) шығу себептері

Кез келген мемлекеттің гүлденуі, өркендеуі, бірінші кезекте экономикалық, табиғи рeсурстарына емес, ішкі тұрақтылығына, ауызбіршілігіне байланысты. Мемлекет кедей болуы мүмкін, алайда сүттей ұйыған ауызбіршілік, ынтымақтың арқасында барлық қиыншылықтарды жеңіп, өркениетті елдер санатына енеді.

Жиһад сөзінің терроризммен байланысы бар ма?

«Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адамдар жиһадтты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. Әрине, мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде өткенімен төрт жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы «харб», «мухарабә», «мағрака», «қитал» терминдерімен білдірілген. Бірақ, жиһад сөзі соғысты да қамтығандық-тан, көпшілік жиһад делінген кезде тікелей соғысты түсінеді.

Ішімдіктің зияны туралы хадистер

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Iшімдік – барлық жамандықтың көзi» – деп ескерткен. (хадистi Ибн Аббастан имам Хаким және имам Байһақи риуаят еткен).

Алауыздықты не тудырады?

Бұл сұрақ кез келген адамның көкейінде сайрап тұруы тиіс. Себебі, алауыздық бар жерде өркендеу болмайды. Алауыздыққа жетелейтін ең басты себептердің бірі – ынтымақтың жоқтығы. Бірлік жоқ жерде малғұн шайтан өзінің айласын еркін жүргізеді. Сондықтан, ата-бабаларымыз бірліктен айнымауға шақырып, “бөлінгенді бөрі жейді” деп ұрпаққа ынтымақтың қадірін ұғындырған.

Діннің негізімен ұштаспайтын жаңалықтан сақтану жолы

«Ақиқаттың тысында адасудан басқа не бар?» («Жүніс» сүресі, 32-аят). «Оларға: «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт» («Әли Имран» сүресі, 31-аят).

Сәләфия ағымы мен сәләфус-салихинге ерудің айырмашылығы

Сәләф деп аталған Исламның алғашқы дәуіріндегі үш буын өкіліне еріп, үлгі тұту мен бүгінгі «сәләфия» деген ағымды ұстанудың арасындағы айырмашылыққа тоқталайық. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылықты «Мухаммадилер» мен «Мұсылмандар» деген сөздің арасындағы айырмашылыққа ұқсатуға болады.