25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алауыздықты не тудырады?

Алауыздықты не тудырады?

Күдікпен күрес
Жарнама

Бұл сұрақ кез келген адамның көкейінде сайрап тұруы тиіс. Себебі, алауыздық бар жерде өркендеу болмайды. Алауыздыққа жетелейтін ең басты себептердің бірі – ынтымақтың жоқтығы. Бірлік жоқ жерде малғұн шайтан өзінің айласын еркін жүргізеді. Сондықтан, ата-бабаларымыз бірліктен айнымауға шақырып, “бөлінгенді бөрі жейді” деп ұрпаққа ынтымақтың қадірін ұғындырған.

Екіншіден  – пікірлердің бірікпеуі. Мұның басты себебі кеңеспей шешім қабылдауда жатыр. Бабаларымыз қандай істе болмасын кеңеске жіті мән берген. Хәкім Абайдың:

Біріңді қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі бос, - деп жырлауы сондықтан.

Үшіншіден  – үш сұрақтың жауабын білмеу. Олар: қайдан келдім? не үшін келдім? қайда барам? “Мен” деген атеистің өзін бұл сұрақтар айналып өтпесі анық. Адам осы сұрақтарға тұщымды жауап алса ғана өміріне мән кіре бастайды. уақытша өмірде осы сұрақтарға жауап таппай сенделіп жүру мәңгі өмірде қасіретке душар етеді.

Төртіншіден  – қоғамда өз орнын таппау. Өз орнын тапқан адам сырттан келген жаудың айласына қарсы көзге көрінбес иммунитет түзейді. Өз орнын табу дегеніміз өмірде өзіңді сыйлататындай болу, белгілі бір мамандық иесі атану. 

Алауыздық адамның жан дүниесінен басталады. Көбіне сенімге, дінге қатысты сан қилы сұрақтардың жауабын таппағандықтан адам іштей бұзылып жүреді. арандатушы күштер көбіне бүлік отын өмірдің мәнін жоғалтқан, іштей күйзеліске түскен адамның қолымен жағады. Оларды өзінің қолшоқпарына айналдырып, қоғамның тұтастығына сызат түсіреді. 

Бесіншіден  – бақытқа һәм мағыналы өмірге жетелейтін өмірлік принциптердің болмауы. “Шариғат ағып жатқан бұлақ, бұрынғылардың сөздері жағалай біткен құрақ” демекші, Жаратушы Алла қасиетті Құранда, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінде, хәкімдердің сырға толы сөздерінде бақыттың кілттері жасырынған. Оны алып қолданам дегендерге Абай айтпақшы “ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” қажет. 

материал  «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: