24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбан айтта 40 немесе 70 үйге айттау қажет пе?

Барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті, ең қуанышты екі ұлы мейрам бар екенін білеміз. Оның бірі - Ораза айт болса, екіншісі - келіп жеткен Құрбан айт мерекесі. Жалпы "айттау", "айтшылау" ұғымы қазаққа бұрыннан таныс. 

Құрбандық шалу қай уақытта бітеді?

Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшам намазына аз уақыт қалғанда дейін жалғасады. Белгілі себептермен айт намазына бара алмаған жан намаз оқып болатындай уақыт өткеннен соң құрбан шалуына болады.

Құрбан шалар алдында арнайы аят оқу керек пе?

Құрбан малын шаларда мына төмендегі Құран аятын оқып, одан соң «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбәр» деп, малды бауыздайды:

Айт намазын үйде оқыса бола ма?

Айт намазы мешітте оқылмаған жағдайда үйінде жеке оқыса болады дейтін кейбір мәзхаб ғұламалары бар. Мысалы, Шәфиғи мәзхабы мен Мәлики мәзхабтарында кімде-кім айт намазына бара алмаған болса, айт намазын үйінде жеке оқуына рұқсат. Өйткені, аталмыш мәзхабтарда айт намазын оқудың үкімі «мүәккәт сүннет», яғни, «бекітілген сүннет» үкімінде. Сондықтан да, жамағатпен мешітте оқу, олардың пайымынша – уәжіп емес.

Айт на­ма­зы­ның тәк­бір­ле­рі­не ке­ші­гіп қал­ған жағ­дайда...

Айт на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы рә­ка­ты­на қо­сым­ша тәк­бір­лер ай­тыл­ған соң үл­ге­ріп имам­ға ұйы­ған адам иф­ти­тах тәк­бір­ді ал­ған­нан кейін, «Суб­ха­на­ка­ны» оқы­май де­реу қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді ала­ды.

Нәзір құрбандығын шаламын ба, міндетті құрбандықты ма?

Сұрақ: «Ауруымнан жазылсам бір қойды құрбандыққа шаламын» деп атап қойған едім. Егер бір ғана құрбандық шалуға шамам жететін болса, құрбан айт кезінде қайсысын орындағаным дұрыс: сол атап қойған құрбандығымды шаламын ба әлде міндетті құрбандықты ма?

Айттық сұрау – айт мейрамына тән дәстүрдің бірі

Мұсылман қауымының қадірлейтін мерекесі – Айт күндері үлкендер кішіге айттық ұсынады. Айттық дегеніміз заттай, ақшалай беретін сый-кәде.

Құрбан айттың тақуалыққа тәрбиелейтін төрт пайдасы

Құрбан айт пендені тақуалыққа тәрбиелейді. Құрбан сөзінің өзі «Аллаға жақындау, Алланың разылығына бөлену» деген ұғымдарды білдіреді. Жаратушы Иеміз қасиетті Құранның «Кәусар» сүресінде: «Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал», – деп әмір еткен.

Құрбандық шалатын кісі шаш-тырнағын алмауы керек пе?

Зул-хижжа айы кіріп, құрбандық шалғанша шаш-тырнақты алмау мұстаһаб саналады.