25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәкбір-тәшриқты айту – әрбір мұсылманға уәжіп

"Тәкбір-тәшриқ" дегеніміз, арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айттың төртінші күні екінтіге дейінгі аралықта әр парыз намазының соңында сәлем бергеннен кейін айтылатын дұға. Сүннет, үтір және нәпіл намаздардан кейін айтылмайды.

Жылқы малы неге құрбандыққа шалынбайды?

Ислам діні тарих сахнасына шыққан он төрт ғасырдан бері әһлү суннаға жататын фиқһтық төрт мәзһаб ғұламаларының ешқайсысы жылқы малын құрбандыққа шалуға пәтуа берген емес.

Құрбан малдың еті қалай үлестіріледі?

Құрбанның еті үш бөлікке бөлінеді. Бір бөлігін отбасына, екінші бөлігін туыс-туғандарына, жора-жолдастарына, үшінші бөлігін кембағалдарға тарату – мұстахап.

Көп балалы отбасы өздері шалған құрбан етін алып қалса бола ма?

Құрбандыққа шалынған малды мейлі көпшілікті шақырып ас етіп берсін, мейлі кедейлерге таратып берсін ол адамның өз еркінде.

Құрбанның орнына садақа берсем бола ма?

Әрбір құлшылықтың өзіндік ерекшелігі болады. Зекеттің, садақаның, құрбанның жеке дара сипаттарымен шариғаттағы орны бар.

Құрбан малдың етін түгелдей асып, қонақ шақыруға бола ма?

Құрбандыққа шалынған малды мейлі көпшілікті шақырып ас етіп берсін, мейлі кедейлерге таратып берсін ол адамның өз еркінде.

Менің шалған құрбаным әке-шешем үшін жарамды ма?

Егер әкесі немесе шешесінің нисап көлемінде байлығы бар болса, онда олар өздері жеке құрбан шалулары керек, ханафи мәзһабы бойынша нисап көлемінде байлығы бар әрбір адам үшін құрбан шалу – уәжіп.

Қабылдың құрбаны неге қабыл болмады?

Ғалымдардың айтуынша, Қабыл әділетсіз дауласқаны үшін, бауырын қызғанғаны үшін, бәлкім мал сойып қан ағызбағаны үшін оның құрбандығы қабыл болмаған.