25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбан шалу пендені Аллаға жақындатады

«Құрбан» сөзінің мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Адам сүйгенімен бірге болуды қалайды, ол үшін ең құнды нәрсесін жұмсайды, барлық қиыншылыққа төзеді. Алламен бірге болу үшін, Оған жақын болу үшін де кісі құрбандық шалады.

Ибраһим мен баласы Исмайлдың құрбандық оқиғасы

Ибраһим (а.с.) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла Тағалаға жалбарынған-ды. Бұл тілегі әбден қартайып, ұрпақ сүюден үміті үзілген қарттық шағында қабыл болмасы бар ма?! Зарыға күткен перзенті сондай тәтті, қылықтары да тым сүйкімді. Өзіне қолғабыс етуге жарап, қуанышы мен көзайымына айналған кез еді.

Келесі Құрбан айтқа дейін не істеуіміз керек?

Міне, биылғы жылдың Құрбан айт күндері осымен тәмам. Келесі жылғы Құрбан айтқа дейін не істеуіміз қажет?

Құрбан айтта сақталуы тиіс халал стандарт талаптары

Айт күндері шариғат бойынша барша мұсылманға ортақ ғибадат - құрбандық шалынады. Құрбандық деп Құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады.

Пайғамбар (с.ғ.с) Құрбан айтты қалай өткізген еді?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға көшкенде, жергілікті адамдардың жыл сайын тойлайтын екі күні болатын. Алла Тағала сол екі күнді ораза және құрбан айт мейрамдарымен алмастырған.Әнас ибн Мәлик (р.ғ.): «Жәһилият кезінде адамдардың әр жылы тойлайтын екі күні болған еді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдинаға келген кезде: «Сендердің тойлайтын екі күндерің бар еді, Алла ол екеуін ол екеуінен де жақсырағымен алмастырды: ауыз ашар күні, (яғни Рамазан оразасының аяқталатын Ораза айт күні) және құрбандық күні (яғни құрбандық шалынатын Құрбан айт күні)»,-деді»,-деген.

Құрбандық шала алмағандар қандай амал жасайды?

Айт құрбандығын үшінші күннің кешіне (ақшамына) дейін шала алмаған адам құрбандықты (малды) сатып алып қойған болса, тірі күйінде өзін немесе құнын (бағасын, алтын күйінде) кедейлерге береді.

Ханафи мазһабы бойынша Құрбан айтта мал бауыздаудың талаптары

ҚМДБ Халал Дамудың 1:2016 стандарттың 6-шы «Қолмен мал бауыздау үрдісі» тармағына сәйкес Ханафи мазхабы бойынша құрбан айт мерзімінде мал бауыздау барысында сақталуы тиіс стандарт талаптары:

Айт күндері мұқтаж жандарға жәрдемдесудің сауабы

Қасиетті  Құрбан айт мейрамы көпшілікке жәрдемдесу, мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқты адами құндылықтарға  үндейді. Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.