26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ханафи мазһабы бойынша Құрбан айтта мал бауыздаудың талаптары

Ханафи мазһабы бойынша Құрбан айтта мал бауыздаудың талаптары

Құрбан Айт
Жарнама

ҚМДБ Халал Дамудың 1:2016 стандарттың 6-шы «Қолмен мал бауыздау үрдісі» тармағына сәйкес Ханафи мазхабы бойынша құрбан айт мерзімінде мал бауыздау барысында сақталуы тиіс стандарт талаптары:

6.2.1. Малды немесе құсты бауыздайтын немесе бауыздалу процесін басқарушы адам – кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, қолмен бауыздау ережелерін білетін, «ХАЛАЛ» ұйымынан арнайы берілетін рұқсат қағазы (куәлігі) бар мұсылман болуы қажет. Бауыздау алдында ниет етіледі.

6.2.2. Бауыздалатын мал (құс) «ХАЛАЛ» болуы міндетті.

6.2.3. Сойылатын мал (құс) тірі болуы немесе бауыздар алдында тірі болып саналуы керек. (Бауыздаған кезде малдың қаны лық етіп аққанына және бауыздағаннан кейінгі қимылдарына қарай тірі болып саналады).

6.2.4. Сойылатын малдың бауыздар кезінде еттің сапалық құрылымын өзгертетіндей, әлде етін жеген адамды ауруға шалдықтыратындай қандай да бір ауру жұқтырмаған, сау болуы талап етіледі.

6.2.5. Мал бауыздайтын арнайы жабық жер болмаған жағдайда, жануарды сол жағына жатқызып, Құбылаға (Меккеге, Сауд Арабияға) қарату керек (абзал) және жануардың жанын мейлінше қинамау қажет.

- мал тек қана Алланың есімі аталып бауыздалуы керек, басқа ешбір мақсатта емес.

6.2.6. Қолмен мал бауыздайтын адам жануарды тура бауыздар алдында Алла Тағаланың есімін, яғни, «Бисмилләһ» (Алланың атымен бастаймын) деп айтуы шарт.

Ескерту: магнитафон немесе өзге де дауыс шығарғыш құралдарды қолдануға болмайды.

6.2.7. Малды өткір пышақпен (пышақ - түзу әрі бір жүзді, тістері, шұңқырлары, сынығы жоқ, әрі құстың мойнының енінен кем дегенде төрт есе, жануардың мойнынан екі есе ұзынырақ болуы керек), тек бір рет осу арқылы және пышақты жануардың денесінен ажыратпай бауыздау қажет;

- қолмен мал сойғанда, оның кеңірдек, өңеш және мойнындағы негізгі күретамырлары кесілу керек (1,2,3 суреттер);

Ескерту: Төрт Мазхабтағы мал бауыздау ерекшеліктері:

Ханафи: Төрт күре тамырдың барлығы да кесілуі тиіс.

Мәлики: Кеңірдек пен екі ұйқы күретамыры кесіледі.

Шафиғи: Кеңірдек пен өңеш кесіледі. Ал күретамырлар мен мойындырық қантамырларын кесу сүннет болып табылады.

Ханбали: Шафиғи мазхабында сияқты бауыздалады.

halaldamu.kz

Бөлісу: