Убәй ибн Кағбтен (Алла оған разы болсын):
Ол: «Ансарлар қатарында Мәдинадағы (мешітке) ең алыс үйде (тұратын) бір кісі бар еді. (Соған қарамастан) ол Алла елшісімен (с.а.с.) бірге (оқылатын) намазға жібермей қатысатын. Біз оған жанымыз ашып, мен: «Ей, пәленше! Өзіңді ыстық құмнан және жер зиянкестерінен қорғайтын есек сатып алсаң ғой!» – дедім. Ол (бұған): «Алламен ант етейін! Мен үйімнің Мұхаммедтің (с.а.с.) үйіне жапсарлас (болғанын) тәуір көрмеймін», – деді. Мен мұны (көңіліме) қатты ауыр алып қалдым. Сөйтіп, Алланың пайғамбарына (с.а.с.) келіп, оған бұл жайлы айттым. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны (өзіне) шақырды. Ол (Пайғамбарға (с.а.с.) да) дәл сондай сөздерді айтып, өзінің әрбір ізі үшін сауап үміт ететінін ескертті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Расында, саған үміт еткен сауабың бұйырады», – деді», – деген (663/278).
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім үйінде тазаланып, сосын Алланың үйлерінің біріне Алланың парыз еткендерінің бірін орындау үшін жаяу барса, оның екі қадамының бірі күнәні өшіреді де, екіншісі дәрежені көтереді», – деп айтты», – деген (666/282).
материал «Муслимнің сахих хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz