13
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти медресе шәкірттеріне дәріс оқыды (фото)

Бас мүфти медресе шәкірттеріне дәріс оқыды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Астана» медресе-колледжінің шәкірттеріне дәріс оқыды.

«Аллаға махаббат» тақырыбында дәріс оқыған Бас мүфти: «Исламдағы рухани кемелдікке жетудің негізі – Жаратушы Алла Тағаланы тану әрі Оған шын жүректен иман келтіру. Мұндай таным жүректе Аллаға деген шынайы махаббатты қалыптастырады. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Ал иман келтіргендер Алланы бәрінен артық жақсы көреді» делінген («Бақара» сүресі, 165-аят). Хәкім Абай: «Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті» деп, Аллаға деген махаббаттың ең кәміл сезім екенін жырлаған.

Негізінде Алланы жақсы көрудің шегі болмайды. Оны түсіндіру мақсатында айтылған анықтамалардың барлығы да оның мағынасын толық аша алмайды», – деді.

Дәріс соңында ҚМДБ Төрағасы медресе-колледж шәкірттерімен еркін сұхбаттасып, игі тілегін білдірді.

Бөлісу: