Намаздың он екі парызының біріншісі «Хадестен тахарат». Яғни дәрет және ғұсыл алу.
Үмму Атиййа (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Үмму Атиййа мен оның қасындағы әйелдерге қызы Зейнептің мәйітін жууды «Оң жағынан және дәрет алғанда жуылатын жерлерден бастаңдар!»,- деді.
Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аяқ киімді киюді, шашы мен сақалын тарауды , дәрет алуды және де басқа барлық нәрселерді оң жағынан бастағанды жақсы көретін»,- деді.
Дәреттің мүстаһабтарының алтысы төменде:
1) Ниет ету.
2) Мүшелерді бірінен соң бірін, арасын үзбей тез жуу.
3) Оң жақтан бастау.
4) Мойынға мәсіһ тарту.
5) Басты, құлақты және мойынды бірге мәсіһ ету.
6) Алла Тағаланы дәреттің алдында және соңында зікір ету. Яғни дұға оқу.
материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz