13
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Тәкбір тахримада қолды қай жерге дейін көтеру керек?

Тәкбір тахримада қолды қай жерге дейін көтеру керек?

Намаз

Әбу Хумайд (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабалармен бірге намаз оқып жатып қолдарын иық тұсына дейін көтерді»,- деді.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тәкбір тахрима айтып жатқанында қолдарын иық тұсына дейін көтергенін көрдім. Рүкүғта тәкбір айтып жатқанында да және «Сәмиғаллаһу лиман хамидаһ»,- дегенінде де солай қылды. Және «Раббанә ләкә-л хамду», - деді, бірақ қолдарын көтермеді, сәждеден басын көтеріп жатқанында да бұлай қылмады»,- деді.

Ескерту: Ханафи мәзхабы бойынша тәкбір тәхрима кезінде қол құлақтың жұмсақ жеріне тигізеді және рүкғ пен сәжде тәкбірлері айтылғанда қолды көтермейді. Бұған дәлел ретінде мына хадисті ұстанады. Уайл ибн Хужр риуаят еткен хадисте былай делінеді: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намаз бастаған кезінде екі қолын көтеріп тәкбір тахрима айтқанда қолдарын құлақтарының жұмсақ жеріне тигізгенін көрдім»,-деді. (Муслим, Салат-21. Әбу Дауд, Салат-115. Тирмизи, Салат-63). 

Нафиғ (р.а.) риуаят етті: «Ибн Омар (р.а.) тәкбір тахрима айтып намазын бастап жатқанында қолдарын иық тұсына дейін көтеретін. Рүкүғта тәкбір айтып жатқанында да «Сәмиғаллаһу лиман хамидаһ»,- дегенінде де, екінші рәкаттан тұрғанында да солай қылатын»,- деді. (Ибн Омар (р.а.) бұны Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сілтеме береді).

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: