Әбу Масғуд (р.а.) риуаят етті:
«Бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) О, Расулалла, мен пәленше имамның намазды созып жіберетіні үшін таң намазына бармай жатырмын»,- деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ашуланды, бұлай ашуланғанын көрген емеспін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сонда: «Ей, адамдар, сендердің араларында адамдарды жамағат намазынан бездіретіндер бар. Қайсы бірің жамағатқа имамдық қылсаңыз, намазды жеңілдетіңіз, өйткені намазхандардың арасында әлсіз, ауру және тығыз шаруасы бар адамдар бар!»,- деді.
Жәбир ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Қараңғы түн еді. Муғаз (р.а.) жамағатқа имамдық етіп, құфтан намазын оқып жатқан уақытта, бір кісі екі түйені жетектеп келіп қалды. Түйелерін байлап қойып, Муғазға ұйып намаз оқыды. Муғаз (р.а.) «әл-Бақара»,- сүресін ба, жоқ әлде «ән-Ниса»,- сүресін ба қосымша қылып оқи бастағанда, әлгі адам саптан шығып кетті. Муғаз (р.а.) ол кісіні жамандағандай болды. Бұны Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жеткізген еді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Муазға: «Ей, Муғаз, сен-бүлікшісің бе, әлде ғайбатшысың ба?»,- деп үш рет қайталап айтты. Кейін: «Саббихисма раббикал ағла....» немесе «Уашшамси уаддухаха...» немесе «Уәлләйли иза яғша...»,- деп басталатын сүрелерді зәм қылып оқысаң болмайтын ба еді?! Өйткені сенің артында әлсіз, ауру, қарт және тығыз шаруасы бар адамдар тұрады ғой!»,- деді. Ғамр (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұйырған сол сүренің қайсы екенін есіме түсіре алмай отырмын»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz