13
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Мешітте, басқа жерлерде саусақтарды айқастыру мәселесі

Мешітте, басқа жерлерде саусақтарды айқастыру мәселесі

Ислам тарихы

Омар (р.а.) айтты:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) саусақтарын айқастырды»,- деді. Асим ибн Мұхаммед (р.а.) айтты: «Мына хадисті атамнан естіген едім, бірақ есімде қалмапты, Ағам Уақид атамнан естіп, оны маған қайтадан айтып берді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Абдулла ибн Ғамрге: «Ей, Абдулла ибн Ғамр, адамдармен бірге сондай қарым-қатынас қыла берсең болмайды ма?»,- деп саусақтарын бір-біріне айқастарған екен».

Әбу Мұса (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Салынған құрлыстың қабырғалары бір-бірін ұстап тұрғандай мүъминдер де бір-бірлерін қолдап-қуаттап тұрады»,- деп саусақтарын бір-біріне айқастырып көрсетті.

Ибн Сирин Әбу Хурайрадан (р.а.) естіп, мына хадисті риуаят етті: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) имамдыққа өтіп, бізбен бірге бесін немесе аср намазын оқыды»,- деп айтқан еді Әбу Хурайра, бірақ менің есімнен шығынқырапты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі рәкат намаз оқып, сәлем берді. Содан соң орнынан тұрып, мешіттің алдындағы жатқан ағашқа барып сүйенді, бір нәрсеге ренжіп ашуланғандай, оң қолының саусақтарын, сол қолының саусақтарының арасына кіргізіп айқастырды да, оң жақ бетін сол алақанының сыртына қойды. Асығып тұрған кісілер мешіттін есігінен шыға бастады. Олар: «Бұл намаз қысқарды ма?»,- десті. Олардың арасында Әбу Бәкір мен Омар да бар болатын. Бірақ та олар Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір нәрсе деуге батпады.Сонда Зүлядайн деген қолы ұзын бір кісі: «О, расулалла, шатасып жаңылыстыңыз ба әлде намаз қысқарды ма?»,- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ұмытып жаңылысқаным да жоқ, қысқарған да жоқ,»,- деді. Кейін: «Зүлядайн айтқандай болды ма?»,- деді. Олар: «Иә, солай болды»,- десті. Содан соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алдыға өтіп, қалған рәккаттарды оқыды. Кейін сәлем беріп және тәкбір айтып, әдеттегідей одан да ұзағырақ екі сәһу сәждесін қылды. Кейіннен басын көтеріп, тәкбір айтып, сәжде қылды және тәкбір айтып, әдеттегідей одан да ұзағырақ екі сәжде қылды. Ибн Сириннен: «Сәлем берді ме?»,- деп сұрады. Ол: «Имран ибн Хұсайн маған: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кейін сәлем берді»,- деп айтқан»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: