Бұл дүниеде ең бірінші жақсылық жасауымызға лайықты жандар – ата-ана. Ата-анаға қатысты әдептер асыл дінімізде әдептердің ең маңыздысы саналады. Ал оларды сыйламау ауыр күнәлар қатарына жатады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Ауыр күнәларға Алла Тағалаға серік келтіру, ата-ананы құрметтемеу, адам өлтіру және жалған ант беру жатады», – делінген (Бұхари).
Ата-ананың дүниеден өткеннен кейiнгi хақылары:
1. Олар үшiн Алладан дұға етiп, кешipiм тiлеу. Ата-ана дүниеден озғаннан соң артында қалған ұрпақтары олар үшiн үнемi Алладан кешipiм тiлеп, дұга етiп тұруы керек. Алла eлшici (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам дүниеден өткенде оның амалынан басқасының бәрі тоқтап калады. Олар – үзiлмейтiн садақа, басқаларға пайдасы тиетiн бiлiм жане салиқалы ұрпақтың оған арнап жасайтын дұғасы», – деген (Мүслим). Әбу hұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен тағы бiр хадисте былай делінген: «Алла Тағала iзгi құлынын, жәннәттағы дәрежесiн көтередi. Сонда ол: «Уа, Раббым! Бұл дәреже маған не себептi берiлдi?» – деп сұрайды. Оған: «Сенің балаңның саған кешipiм тiлегенi үшiн (беpiлдi)», – делiнедi» («Фатху ал-кадир» (3/214). Құранда Ибpahим (оған Алланың сәлемi болсын) пайғамбардың былай деп дұға еткенi келген: «Раббымыз! Есеп құрылатын күні менi, әке-шешемдi және мүминдердi жарылқа» («Ибpahим» cүpeci, 41-аят).
2. Ата-ананың достарын құрметтеу. Ата-ана дүниеден өткеннен кейiнгi бiзге мiндеттi болатын хақылардың бipi – олардың жақындарын, туыстары мен достарын құрметтеу. Қазақта «Әкең өлсе де, әкеңнiн көзiн көрген өлмесiн» деген сөз бар. Хадисте: «Расында, адамның әкесi жақсы көрген кiсiлермен араласуы құрмет көрсетудiң шыңы caналады», – делiнген (Мүслим).
Мәлик ибн Рабиға әс-Сағди (Алла оған разы болсын) былай дейдi: «Бiрде бiз Алланың елшiciмен бiрге отырғанымызда оған Бану Сәлима руынан адам келдi де: «Уа, Алланың елшici! Meн ата-анам өмiрден озғананнан кейiн де оларға құрмет көрсетіп, жақсылық жасай аламын ба?» – деп сұрады. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемi болсын): «Иә, егер оларға дұға жасасаң, Алладан олар үшiн кешiрiм сұрасаң, олардың артынан уәделерiн орындасаң, өзің ата-анаңның туысқандарымен байланысты жалғастырсаң және олардың достарын құрметтесең (оларға жақсылық жасаған боласың)», – дедi (Әбу Дәуiт).
Абдулла ибн Динар былай дейдi: «Бiрде бір бәдәуи Меккеге бара жатқан жолында Абдулла ибн Омарды (Алла оған разы болсын) кездестіреді. Абдулла оны өзінің есегіне отырғызып, өзінің киіп жүрген сәлдесін береді. Сонда біз оған: «Алла саған ақыл қоссын! Бұлар азға да риза болатын бәдәуилер ғой!» – дедік. Бұған Абдулла ибн Омар: «Расында, бұл адамның әкесін (менің әкем) Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын) жақсы көретін. Мен Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, адамның әкесі жақсы көрген кісілермен араласуы құрмет көрсетудің шыңы саналады», – дегенін естідім», – деп жауап береді (Мүслим, Термизи, Әбу Дәуіт).
материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz