«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен, мешіт жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының атсалысуымен қарттар үйіндегі ораза ұстаушы қарияларға арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Қарттар үйінің қариялары мен ақ жаулықты әжелері мейрамханаға арнайы мейман ретінде шақырылды. Ауызашарда мешіттің наиб имамы Ғазиз Ахмет ауыз бекіткен ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға Рамазан айының қасиеті мен оразаның пайдасы жайында көркем насихат айтты. «Жібек» қыз-келіншектер клубының әйел жамағаты ауызашарға келген үлкендерге қызмет жасап, мейірімін төкті.
Аузынан Алласы түспейтін ата-апалар аузын ашып, астан дәм татып, әңгімелерін айтып, келешек ұрпақтың қамы жайлы керемет әңгіме айтып, ән шырқап, керемет көңіл-күйге бөленді.
Игі шараға ризалық танытқан қариялар алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
ummet.kz