Бірде бір бәдәуи:
– Уа, Мұхаммад! - деп дауыс көтеріп келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
– Міне – мен! - дейді. Сахабалар:
– Үніңді өшір! Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құзырында дауыс көтеруге тыйым салынған, - дейді.
– Өшірмеймін! Кісі өз қауымын жақсы көреді, - дейді бәдәуи.
– Кісі қияметте жақсы көрген адамымен бірге болады, - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).
Адамдардың табиғаты – әртүрлі. Кейбіреуі жай ғана таласса, кейбіреуі футболдың өзінде соғыста жүргендей қырылысып таласады. Бәдәуи келді де «Уа, Мұхаммад» деп сахарадағы әдетіне салып бақырғанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да оған сахара әдетімен «міне – мен» деп жауап берді.
Адамдармен өз деңгейінде сөйлес. Олар көтере алмайтын әдісті қолданба...
материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz