12
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Бой дәретсіз ауыз бекітуге бола ма?

Бой дәретсіз ауыз бекітуге бола ма?

Ислам тарихы

Бой дәретсіз ауыз бекітуге болады. Ол оразаға кедергі болмайды. Яғни, оразаға ниет етіп жатып, түнде жүніп болып қалса, таңертең сәресін жүніп күйінде ішуге немесе сәресіне үлгермей қалып ештеңе ішіп-жемей оразасын жалғастыра беруге болады.

Айша анамыздан жеткен риуаятта бір кісі Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы мәселені сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бой дәретсіздік оразаға кедергі болмайтындығын айтқан (Муслим/138).

Тағы бір риуаятта Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жүніп халінде таңды атырып, оразасын ұстағанына куәмін» (Бұхари №1925).

Әл-муфассал кітабында: «Егер адам ораза кезінде ұйықтап, жүніп болып қалса немесе таңды жүніп күйінде атырса, оразасы бұзылмайды. Тіпті жүніп күйінде күнді батырса да, оразасы бұзылмайды. Өйткені жүніптіктен таза болу оразаның шарттарына жатпайды» деп келеді.

Дегенмен, сәресіге үлгерсе, ғұсыл алып, сәресін ішкені абзал. Алайда намаздарын оқу үшін ғұсыл құйынуы міндетті.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: