Рамазан – тек ораза ұстау ғана емес, айналаға қамқорлық танытып, мейіріммен бөлісу айы. Біз бірге жақсылық жасап, бір-бірімізге қолдау көрсеткенде ғана нағыз берекеге жетеміз.
Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған «Әл-Фараби» мешітінің «Жастар ісі» бөлімі кезекті қайырымдылық шараға атсалысты.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы мен шәкірттері аялдамаларда және қала көшелерінің кептелісінде тұрып қалған жандарға, қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктердегі барлығы 1000 адамға ауызашар болсын деген ниетпен су мен құрма таратты.
Игі шара көпшіліктің көңілін қуантып, ауызы берік жандар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдірді.
ummet.kz