24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайызға тыйым салынудың себептері мен хикметтері

Пайызға тыйым салынудың себептері мен хикметтері

Пәтуа

Расулулла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайыз жегенге, жегізгенге, жазғанына және куәгерлеріне лағынет етіп:

«Олардың бәрі бірдей...» - дейді. (Муслим, Мүсақат, 106)

Әбу Ханифаның хапі қандай жақсы. Ол ұлы Имам пайызға ұқсас жағдай болмасын деп, алашағының ағашының көлеңкесінен де пайдаланбаған. Пайызға тыйым салынудың, әрине, көптеген себептері мен хикметтері бар. Бұлардың алдында жұмыссыздықты көбейтуі, жасанды бағаның көтерілуіне жол ашуы, көмектесу, қолқабыс жасау, сүйіспеншілік, мархабат пен мейірім сияқты адами және ахлақи қасиеттерді әлсіретеді, менмендікті өсіріп, ақша мен өзгелерге үстемдік құру сезімін күшейтуі сияқты мәселелер тұрады. Осындай себептерге қарсы пайызға тыйым салған Ислам, осыған қарама-қарсы ізгі қарыз деп аталатын «мүмкіндігіне қарай Алла үшін қарыз беруге» шақырған және қиыншылыққа тап болған адамға берілген борышты садақадан да абзал санаған.

Барлық жағдайға қарамастан адал іс атқарып, дұрыс, шыншыл және сенімді саудагерлер мен іскерлер сан жағынан үнемі аз болады. Бәлкім, сол үшін Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұрыс саудагерлерге үлкен сый сүйіншілеген. Хадис шәрифте былай делінеді: "Шыншыл, дурыс, сенімді мұсылман саудагер қиямет күні пайғамбарлар, турашылдармен шейіттермен бірге болады» (Тирмизи, Бүю, 4; Ибн Маже, Тижарет, 1).

Әбу Ханифа Хазіреті саудамен күн керген әжептәуір ауқатты бай адам еді. Бірақ, біліммен айналысқандықтан, сауда жүмысын өкілі арқылы жүргізіп, езі жасалған сауданың халал болып, болмағандығын бақылайтын. Бұл турасында өте қатал еді, бір жолы ортақтасы Хафс бин Абдуррахманды мата сатуға жіберіп, оған:«Ей, Хафс! Тауарда мынадай кемшіліктер бар. Тұтынушыға осыны айт та, осынша арзанға сат!» - деген еді.

Хафс тауарды Имам белгілеген бағаға сатқан, бірақ ондағы кемшілікті тұтынушыға айтуды ұмытып кеткен еді. Жағдайды естіген Әбу Ханифа Хазірет Хафстан: «Матаны алған адамды танисың ба?» - деп сұрады.

Хафс тұтынушыны танымайтындығын айтқан соң Имам барлық тауарды садақа етіп таратты. Өйткені ол барлық жағынан Расулулланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Амрға айтқан «Ей, Амр салих адам үшін салих тауар қандай жақсы!» (Ахмед бин Ханбал, Мүснәд, IV, 197, 202) ақиқатын түсініп, халал мен харам турасында тақуалық өлшемімен әрекет еткен еді. Өйткені, халал мен харамға көңіл белу бізге аманат етілген мал-мүліктің тазалығы мен ақыретте сұрауының болатындығы турасынан өте маңызды қажеттілік. Халал тамақ үшін саудаға харам араластырмаудың маңызы мен берекетін марқұм әкем Мұса Мырза мына оқиға арқылы түсіндіретін: «Мұсылман болған армян бір көршіміз бар еді. Бір күні одан өзінен һидайятқа келу себебін сұрағанымда, былай деді: «Ажыбадемде егістік көршім Рәби Молланың саудадағы тамаша ахлағы арқылы мұсылман болдым. Молла Рәби сүт сатып күн көретін адам еді. Бір ақшам уақытында бізге келіп: «Алыңыз, мына сүт сіздікі?» - деді.
Таң қалып:
«Қалайша? Мен сізден сүт сұраған жоқпын ғой!» - дедім.
Әлгі нәзік сезімді адам:
«Мен абайсызда сиырларымның біреуі сіздің бағыңызға кіріп жайылғанын көрдім. Сол үшін бұл сүт сіздікі. Әрі сол сиырдың жеген шебінің күші денесінен әбден шыққанға дейінгі сүтін сізге алып келемін...» - деді.
Мен:
«Сөз болып па көрші? Жегені шөп емес пе? Халал болсын!» - десем де, Молла Рәби:
«Жо-жоқ, олай болмайды! Оның сүті сіздің хақыңыз!» - деп жануардың аталмыш уақыты біткенге дейін сүтін бізге әкеліп түрады. Сол мүбәрәк адамның қимылы маған қатты әсер етті. Ақыры, көзімдегі ғапылдық пердесін ашып, ішіме һидайят күні туды. Өзіме өзім: «Осындай ұлы ахлаққа ие адамның діні әлбетте ең ұлы дін. Осындай сыпайы, әділ, кәміл және пәк адамдар жетілдірген діннің туралығынан күмәндануға болмас!» - деп, иман айтып, мұсылман болдым».

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: