Отбасындағы кез-келген талас-тартысты шешудің үш жолы бар.
Біріншісі, жоғарыда айтқанымдай, ортақ түйісетін нүктені таба білу. Мұнда әрқайсысы жұбының айтқанының кейбір тұсын қабылдап келісуі қажет. Бұл әдіске «екі нүктенің ортасын табу» деп ат қойдым. Бұл бір-біріне қадам жасаған жұбайлар орта тұста кездескенін білдіреді.
Екінші әдіс. Жұбының ойын қабылдау. Өзара әңгімелесіп, талқылау нәтижесінде ерлі-зайыптылардың бірі жолдасының ойы жөн және дұрыс деген шешімге келуі. Мұнан кейін толықтай жұбының ойын қабылдауы. Сіздің көзқарасыңызда бұл толықтай өзін құрбан ету шығар. Алайда бұл жолдасына деген құрмет. Оған деген сүйіспеншіліктің белгісі. Кейде екінші тараптың пікірін қабылдау үлкен құрбандық болып келеді. Алайда сүйіспеншілік әрқашан бір-бірі үшін «құрбандықты» қажет етеді.
Үшінші әдіс – шешімді келесі жолға шегеру. Бұл әдіс: «Қазір сенің көзқарасыңмен келісе алмаймын. Тіпті ортақ түйісетін нүктені де көріп тұрғаным жоқ. Бұл мәселеге, шамамен бір айдан кейін қайта оралайық», – деп айту. Әрине, осы аралықта жұбайлардың бір-біріне деген сезіміне сызат түспеуі керек. Басқаша айтқанда, мәселе жұбайлардың қарым-қатынасын бұзбауы тиіс. Туындаған мәселенің нақты шешімі табылмаса кейінге қалдыру қисынды қадам. Бір ай ішінде жағдай түрліше өзгеруі мүмкін. Тіпті ортақ шешімге алып келетін бұрын соңды болмаған ситуациялар қалыптасуы мүмкін. Өмірде «шешімді шегеру» үнемі қолданатын әдіс болуы мүмкін. Әсіресе, мәселенің бір жағы «дұрыс» екіншісі «қате» болған жағдайларда. Әдетте күнделікті үй ішіндегі жайттарға қатысты болуы да ықтимал. Мәселен, тіс пастасын қолдану, ыдыс аяқты жуу, киімдерді орнына қою және т.б. мұндайда ұсақ-түйекте ортақ келісім әркім өз білгенімен әрекет етуі. Мәселен, ыдыс жууда әрқайсысы өз әдісімен жуу. Кешкі теледидар тамашалауда ұнайтын бағдарламаларды кезекпен тамашалау. Бүгін футбол, ертең телехикая тамашалау сияқты.
Қорыта келе, арадағы кез келген мәселені аталмыш үш әдістің бірімен шешу әбден мүмкін екенін айтқым келеді. Ең бастысы, достық атмосфераны жоғалтпау. Жұбайлардың бір-бірінің ойын қисынсыз айыптамау. Пікіріне құлақ түруі және құрмет көрсетуі арқылы жүзеге асады. Бір-бірімізді құрметтеуді үйренсек, мәселені шешудің жолы табылады. Отбасылық өмірде кездесетін табиғи таластартыстарда қалай мәміле жасау керектігін үйрене бастаймыз. Басқаша сөзбен айтқанда екі жарты, бір бүтін боп ерлі-зайыпты ретінде әрекет етуді үйренеміз.
материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,
ummet.kz