Категория бойынша
Абдуллаһ бин Омардың (р.а.) айтуынша Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Ей, Әйелдер қауымы! Садақа беріңдер! Көбірек кешірім сұраңдар! Өйткені тозақтағылардың көпшілігі әйелдер екенін көрдім» деген.
Ислам – тазалық діні. Адамзат қауымына ескертуші әрі қуандырушы болып келген соңғы елші Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) біздің өмірге келгенімізден бастап соңғы деміміз біткенге дейінгі барлық жағдайлардың өз әдеп-ережелерін үйретіп кеткен. Соның бірі – дәретханаға қатысты әдептер.
Хикмет – кең ұғымды білдіретін сөздердің бірі. Ғалымдардың айтуынша, хикмет сөзі Құранда 4 мағынада кездеседі:
Егер ислам сеніміне назар аударатын болсақ, оның ауқымы барлық адамзатты қамтитындығын байқауға болады. Сонымен бірге ислам ақидасынан түсінетініміз, жер бетінде ислам дінінен өзге басқа сенімді ұстанып, басқа шариғатты қолданып, басқа саясаттағы бағыттардың бар екендігін аңғартады.
Адам баласы әлсіз жаратылыс болғандықтан, кейде өмірдің негізгі мақсаттарын ұмытып, болмашы нәрселерге бола, үлкен нығметтерден, өткінші дүние үшін мәңгілік сыйлықтан алыстап қалып жататыны мәлім.
Алла Тағаланың адам баласына беретін нығметтерінің көптегі соншалық, кейде пенде оны ұмытып, немесе ескермей кетеді.
Исламдағы ақида жайындағы көптеген тартыстар Аллаға мекен беруге байланысты болып келеді. Матуриди ақидасы бұл туралы не дейді? Жалпы ақиданың әртүрлі болуы қауіпті ме?
«Мәзһаб» сөзі араб тілінде: «жүретін жол» деген мағынаны білдіреді. Шариғаттағы мағынасы «қандайда діни мәселеде, сұрақ бойынша белгілі мужтаһид ғалымның пәтуа шығару жолы».
Егер «сәләф» сөзінің сөздік мағынасына келер болсақ «алдыңғы, бұрынғы» деген мағынаны білдіреді. Уақыт ағымына қарай әрбір өткен шақ кейінгілер үшін «сәләф» деп аталады. Алайда бұл сөз Ислам дінінде тұрақты, әрі арнайы ұғымға айналып, басқа мағынада қолданылмайтын сипатқа ие болды.
Имам Әбу Ханифа қандай да бір мәселенің үкімін шығару үшін, ең алдымен, Алланың Кітабын негізге алған. Одан таппаса, Алла елшісінен жеткен сахих хабарға негізделген. Пайғамбардан бір мәселеге қатысты бір-біріне қайшы мазмұндағы екі сахих хабар жетсе, кейінгі сөзін негізге алған.
Дәлелдердің әлсізі мен күштісін бір-бірінен ажыратуға шамасы жетпейтін кісілердің өз бетінше шешім шығарып, таласы көп, дау тудырған мәселеде басқаларды мойындамауы дұрыс емес.
«Тәкфір» және «бидғат» ұғымдарының шынайы мәні. Тәкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрі.
Бір дәруіш жұма намазда күнәһар адамдардың амандығы үшін дұға жасайды.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдулла ибн Аббасқа былай деді:
Имам Ағзам Әбу Ханифа – кемеңгер ғұлама. Мұнымен қатар ол кісі бақуатты жан еді. Бұл абзал тұлға өзінің білімі арқылы да, байлығы арқылы да айналасындағы адамдарға сан рет жомарттық танытқан. Сол себепті де ол кісі өзі секілді мықты шәкірттерді тәрбиелеп шығара білді. Имам Әбу Юсуф – сол кісінің әйгілі шәкірттерінің бірі.
Дүниеде адам баласын шырмауына алып, барлық рахатын қашыратын нәпсіқұмарлықтың тартымдылығы мәңгілік өмірді азапқа айналдыратын оттың шоғы ғана емес пе? Бұл дүниеден ақыретке жіберген нәрсеміздің бәрі біздікі. Ал, түрлі машақаттарға төзіп, артымызда қалдырғандарымыз – дүние мен мұрагерлеріміздікі.
Сөздің аз болуының екі түрлі сипаты бар:
Базарда қой сатып тұрған бәдәуи әйелге біреу келіп:
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) көлік тізгінін ұстаушылар мен жолаушыларға ортақ сүннет амалдар мен дұғаларды үмметіне өсиет еткен.
Қасиетті Құран Кәрімде өміріңізді өзгертетін бір аят бар.
Қарыздан құтылу үшін Алладан көмек сұрайтын дұғалар:
Қасиетті Құран Кәрімде әр мұсылманға мотивация беретін 10 аят:
Қасиетті Құран Кәрімде келетін "әттеген-айларды" білесіз бе?
Дұға мұсылманның Жаратушысына толық бойсұнғандығын, Оған толық тәуелді екендігін білдіреді. Адамды кез-келген жағдайда Раббысын ғана еске алып, Одан ғана жәрдем тілеуге, Жаратушысымен жақын болуға тәрбиелейді. Ал, мына дұғаны айтқан адам өзін зияннан сақтайды:
Халқымыздың бір ерекшелігі – титімдей қуанышын жұртқа әйгілеп, көпшілікпен бөлісе тойлап, қызығын жария етіп жар салуында болса керек. Шашу – сол қуаныштардың айғағындай, үкісіндей салтанатты дәстүр.
«Тілашар» дәстүрін айтпас бұрын бір нәрсеге кішкене тоқталайын.
Бас асудың, табақ тартудың да өзіндік заңдылығы бар. Баспен қосып, кәделі жілікпен қоса қазанға мойын, жақ, жұмыр салынады. Алайда жақ пен мойын баспен бірге асылғанымен, сый табаққа қосылмай, қазан ұстаған әйелдердің табағында қалады. Қазақтың «бас пен жақты айырма», «бас пен мойынды бөлме» деген сөзі осыған қаратылған.
Сәлем жосындарының түрлерін айтқанда бір нәрсе ойымнан қалыс қалыпты, ұмытыппын. Олар – балдыз бен жезденің, қайны мен жеңгенің арасындағы амандасулар.
Бастың тісін қақпай әкелу өкпе, назды білдіретіні туралы Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» кітабында мынадай үзінді келтіреді.
Итжейде – баланың мынау жарық жалғанда киетін ең алғашқы киімі. Оны тек кіндік шеше әкеледі. Бұл кәдімгі жейде сияқты емес, қолтығынан ойып жең шығарып, қолмен көктеп тіккен уақытша киетін көйлек.
Өкінішке қарай, қазір аз-маз кітап оқысақ та, «білдім синдромының» құрбанына айналып кетіп жатқан жайымыз бар. Негізінде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің сахабаларын «Біз білмейміз! Алла және оның Елшісі жақсырақ біледі» деген сөзге баулыған. Тіпті, сахабалар мен тәбиғиндер (Алла разы болсын) бұрын естіген хадисін қайталап тыңдаса да, жаңадан естіп тұрғандай зер салып тыңдайтын.
Балақай! Өзің білгендей, мен жүзден аса кітап жаздым.
Араб тілінде білу мағынасына келетін «ғылым» сөзі көбінесе білім, мағлұмат деген мағыналарға келеді. Бір нәрсені нақты үйреніп сенуді ғылым дейміз. Білімсіздіктің, надандықтың антонимі болып табылатын «ғылым» сөзінен ғалым, мағлұмат, мұғалім және тағы басқа сөздер шыққан. Ислам ғалымдары ғылымды «Кісінің ақыл және сана сезіміне сыйымды мағлұмат» деп түсіндіреді. «Ғылым бір нәрсенің өз кейпінде танылуы».
Имам Әбу Ханифа (р.а) бір сөзінде: «ғалымдардың өмірі туралы оқу – маған фиқһ жайлы білуден де артығырақ»,- дейді.
Асма Бинт Асад әл Фаррот
Халифалық заманда әлеуметтік жағдайы әртүрлі отбасылардан шыққан екі әйел ғалым болды. Өздеріңізге үлгі болсын деген ниетпен қысқаша өмірбаянын бөлісейік:
Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Айша анамызбен әзілдесіп:
Бірде Осман ибн Мазғунның әйелі Хаула бинт Хаким Айша анамызға келеді.
Достарыңа дастархан жаю – жаксы істердің бірі. Жатфар ибн Мухаммед (р.а.): «Достарыңызбен дастархан басында отырғанда отырысты ұзартыңдар. Өйткені бұндай отырыс Алланың, құзырында есебін бермейтін өміріңіздің бір бөлшегі», - деген.
Әйел табиғатынан күйеуінің өзіне құрметпен қарағанын қалайды және сол құрметті оның махаббатының басты белгісі деп қабылдайды.
Ата-анаңның қандай адамдар болғанын қалар едің?
“Аллаһым, Әбу Һурәйра мен анасын бүкіл мүминдерге сүйікті ет!”. (хадис)
Бәрімізге белгілі қоштасу қажылығында Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жиналған жұртшылыққа: «Уа адамдар! Әйел құқығына қатысты барлық нәрседен қорқыңдар. Әйелдердің сендердің алдарында міндеттері болғандай, олардың да алдында сендердің міндеттерін бар» - деп жетінші ғасырдың өзінде әйелдер құқығының басымдылығын атап көрсеткен.
Имам Ағзам Әбу Ханифаның (р.а.) түнде намаз оқып тұрып «бір рәкәғатта» бүкіл Құранды хатым еткендігі бірнеше деректе расталған.
Әбу Ханифаның, Алла оған рахым етсін, жомарттығы және кеңпейілдігі туралы былай деп жеткізіледі:
«Абай жолы» кітабы болған оқиғалар негізінде жазылғанымен, көркем шығарма екенін де естен шығармаған жөн. Әрине, Әуезов көптеген оқиғаларды кітабында өмірде болғандай етіп беруге тырысты.
Иман мен көркем мінез қашан да адамды ақиқатқа жетелейді. Абайдың қара сөз бен өлеңдерін терең барлап қарасаңыз, оның осы ақиқатқа шақырғанын – діттеген межесі мен аңсаған арманы осы екенін аңғарасыз. Сол себепті Абай әуелі иман дейді. Абайдың иманы – Алланың шәриксіз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына және Хазіреті Мұхаммед арқылы жіберген жарлығы мен білдіргеніне мойын сұнып иман ету.
Діни бидғат сенім мәселелерінде, сөздерде және амалдарда болады.
Тақлид – бір адамның сөзіне және бұл сөздің дұрыстығы жөніндегі дәлелді білместен ілесу дегенді білдіреді. Мұны тақлид десең де, ілесу, еру десең де бұлардың сөздікте еш айырмашылығы жоқ, екеуінің де мағынасы бірдей.
Сүннетті жоққа шығару бүлігінің шығатынын Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонау он төрт ғасыр бұрын мұғжиза ретінде хабар беріп кеткен. Алла елшісі (с.а.у.): «Маған Құран және тағы да сондайы (сүннет) берілді. Жақында қарны тоқ, күрсісіне жантайған біреу «Сендерге Құран жеткілікті. Ол жерде не халал болса, соны халал деп біліңдер. Ал не харам болса оны да солай қабылдаңдар» дейді.
Дінде шектен шығушылардың ұдайы күн тәртібіне қойып жүрген мына мәселелерге тоқталамыз:
«Сәләфия» сөзінің тілдік мағынасы «бір нәрсеге қатысты болу» дегенді білдіреді. Сол себепті сәләфия сөзінің ұғымында кезеңдік шектеу реңкі жоқ, барлық заманға қатысты қолданылады.
Кез келген мемлекеттің гүлденуі, өркендеуі, бірінші кезекте экономикалық, табиғи рeсурстарына емес, ішкі тұрақтылығына, ауызбіршілігіне байланысты. Мемлекет кедей болуы мүмкін, алайда сүттей ұйыған ауызбіршілік, ынтымақтың арқасында барлық қиыншылықтарды жеңіп, өркениетті елдер санатына енеді.
Мүфтияттың жамағатқа діни терең мәселелер бойынша пәтуа беруден кейінгі бірінші мақсаты – сауатты, рухани дүниесі бай қоғам қалыптастыруға зор үлес қосу. Бұл орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстарының ауқымды екенін байқаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлынан алған сұхбатта осы жұмыстардың маңызы жайында айтылады.
Назарларыңызға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровпен сұхбатымызды ұсынып отырмыз.
ІХ республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша іріктеу кезеңінде жүлделі үшінші орынды иеленген Болат Кенебаевтың қарилығын әріптестерінің өзі жуырда білді. Ол – ҚМДБ Ғаламтор секторының техникалық қызметкері. Болат қаримен сәті түскен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Назарларыңызға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, белгілі исламтанушы-ғалым Сансызбай Құрбанұлымен өткен сұхбатымызды ұсынып отырмыз.
Қазіргі таңда ел ішінде «Пандемия жағдайында қасиетті Құрбан айт мейрамы қалай аталып өтілмек, қаупі асқынып, қыспаққа алған індетке қарсы күреске халықты жұмылдыруда, жұртты пандемиядан сақтануға шақыруда Діни басқарма, діни қайраткерлер нендей жұмыстар атқаруда, сондай-ақ кейбір діни рәсімдерді тоқтатуға немесе оларға қатысатын адамдардың санын шектеуге қатысты қабылданып жатқан шешімдер Ислам талаптарына сай келе ме?» деген мазмұндағы сұрақтар жиі қойылуда.