Асма Бинт Асад әл Фаррот
Оның әкесі Африкадағы ғалым және әйгілі судья болған. Ол жалғыз өсті, яғни оның әкесінің Асмадан басқа ешкімі жоқ еді. Әкесі оған Құран, хадис және фиқһтан дәрістер беріп, ілімге жетелейді. Асма әкесінің мәжілістерінде де білім талап етті. Оның әкесі Сицилияны жаулап алу кезінде әскер қолбасшысы болды және сонда 213 жылы қаза табады. Асма өзінің алғашқы ұстазы болған әкесінің шәкірттерінің бірі Мұхаммед Аби Джауадға тұрмысқа шықты. Асма аль Асадия хижри жыл санауы бойынша, 250 жылы қайтыс болған (Аллаһ оны рақым алсын). Толығырақ өмірбаяны ибн Фархунның "ад Дибаджуль музаххаб" және Мухаммад Хайрдың "Факыхаат 'Алимаат" кітаптарында берілген. Әл-Мазанидің әпкесі. Оның ағасы – фақиһ аш Шафи'ий Исма'ил аль Мазиний. Әпкесі аш-Шафии мәжілістерінде және оның фиқһ сабақтарына қатысады. Тіпті кейбір шафиъи мазхабының фақиһтары оның фиқһқа қатысты сөздері мен пікірлерін жеткізген. Ол туралы Аснауийдің «Табакат аш Шафи'ия» кітабында берілген. (1/443 б)
Хафса бинт Сирин
Атақты табиғин Мұхаммед Сириннің қарындасы. Ол сенімді тұлға, ғалым, фақиһа. Егер Құранда ағасы Мұхаммедке бірнәрсе түсініксіз болса, ол Хафсаға жүгінетін болған. Махди Бинт Маймун Хафсаның отыз жыл бойы өзінің қасында болғанын және қажеттілік туындамаса ешқайда шықпағанын айтады. Оның жеткізген хадистері сахих жинақтарда келтірілген. («Тазхибуль Камаль» 35/154. «Сияру ағлямин ән Нубаля» 4/507)
Бұл әйелдер ғалым дәрежесіне жетті әрі олардың есімдері белгілі тұлғалардың кітаптарында келтірілген. Жоғарыда берілген мысалдар ізденуші қыздарға Алла жолында білімді талап етуде еңбекқор болуға әрі байсалдылыққа жетелейді деп үміттенеміз. Өміріңізді өзгелерге көркем үлгі ете біліңіз, мүмкін жақындарыңыздың білімге құштарлығының оянуына себеп болып қаларсыз, Алланың қалауымен. Ілім жолына әлі түсе қоймаған қыздар, егер осы жолдағы ағаәпкелеріңіз болса, соңынан еріп жүріп, барынша дәріс алып қалуға тырысыңыздар, бәлкім, ілімнің шарапатын сіз де сезініп, ықыласыңыз ашылар!
материал «Әйел және ғылым» кітабынан алынды,
ummet.kz