25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қара зере–өлімнен басқасының бәріне ем

Дін және ғылым
Жарнама

Қара зере, кейінгі кездері мұсылман жамағатының арасында кең қолданысқа ие болып та үлгерді. Оның емдік қасиеті көпшілікті таңқалдырарлық. Жалпы бұл ғажайып өсімдік туралы не білеміз?

 

 Ол сарғалдақ тұқымдас өсімдіктер тобына жатады. Оның дәні мен жемісі қара түсті, әрі ол жапырағына ораулы болады. Ал гүліне келсек, ол ақ түсті, аздап жасыл түс байқалуы мүмкін. Жемісін беретін кезі көктемнің соңы мен жаз айларына таяу болады. Ол негізінен Жерорта теңізі аумағында, Азияның батыс тұстарында және Африканың солтүстігінде өседі.

Расында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қара зерені барлық ауруларға қарсы қолдануға өсиет еткен. Хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Расында қара зереде самнан басқасының бәріне ем табылады» дегені айтылды, сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, «сам» деген не?» деді. Пайғамбар (с.ғ.с): «өлім», деп жауап берді. (Бухари, Муслим)

Расында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құранда Алланың баяндағанындай «Ол өз ойынан сөйлемейді, сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» (Нәжм 3-4) болған. Сол себепті де еш бір сөзі ақиқатқа қайшы келмеген, келмейді де. Қазіргі таңда қара зере жан-жақты ғылыми зерттеліп те үлгерді. 100 грамм қара зеренің құрамында 16,67 г ақуыз, жалпы майы 33,33 г, көмірсу 50,50 г, темір 12,0 мг.

Қара зеренің денсаулыққа қатысты емдік мынадай пайдалары бар:

  • Қара зере шаштың түсуін азайтады, шашты қуаттандырып, қалыңдатады;
  • Зерттеулер барысында қара зеренің есте сақтау қабілетін жақсартатын қасиеті анықталған;
  • Қара зере тері ауруларына қарсы қолданылады. Безеулер мен терінің құрғақтануын емдейді. Сонымен қатар қартаюдың белгілерін тежейді;
  • Қан қысымының көтерілуі мен түсіп кетуіне қарсы қолданылады. Себебі қара зере қан айналым жүйесін жақсартатын қасиетке ие, ал бұл өз кезегінде жүрекке де мол пайдасы бар демек;
  • Иммунитетті күшейтеді;
  • Ісіктерге қарсы пайдасы мол;
  • Денені улы заттардан тазартады, қара зерені көкнәрға тәуелді болып қалған адамдарды емдеуге қолданады;
  • Сонымен қатар көптеген зерттеулер қара зеренің зиянды сәулелерге қарсы, әсіресе ми жасушаларына зиянды сәулелерге қарсы мол пайдасы бар екенін анықтады.

Ummet.kz

Бөлісу: