25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Екінші рет күйеуге шығатын әйел нені күту керек? Ғылыми дәлел

Дін және ғылым
Жарнама

Ажырасқан әйел күйеуге қайта шығу үшін Құранда көрсетілген 3 айлық мерзімді не үшін күтеді? АҚШ ғалымдары Исламдағы үкімнің себебін дәлелдеді.

2011 жылы ғылымның бұл саласында зерттеулер жүргізген америкалық ғалымдар ері қайтыс болған әйелге 4 ай 10 күн, ажырасқан әйелге 3 айлық цикл (бұл уақыт ислам терминологиясында «идда» деп аталады) ішінде тұрмысқа шығуға тыйым салған Құранның мінсіздігі мен шариғат дұрыстығын мойындауға мәжбүр болды.

«Зерттеу барысы әйелдің иммундық жүйесінде тұқым қуалаушылықты есте сақтайтын арнайы жасушалардың бар екенін көрсетті. Денеге енген сперматозоидтармен байланысқа түскен ағза жасушалары олардың мұрагерлік сипаттарын сақтайды. Бұл жасушалар әйелдің ұрпақ жаңғырту ағзасында кем дегенде үш ай бойы белсенді болады. Осы мерзімнен бұрын басқа шәуетпен байланыс орнаса әйелдің иммун жүйесі бұзылып, қатерлі ісік ауруларына әкеп соғуы мүмкін екенін зерттеулер растап отыр. Бұл зерттеулер жыныстық қатынасқа көп барған әйелдердің кеуде ісігі мен аналық бездің қатерлі ауруларына шалдығуын ғылыми түсіндіреді. Сондай-ақ, әйелдерге «көпкүйеуліктің» тыйым салыну себебін пайымдауға болады»  деп түсіндіреді АҚШ-тағы биологиялық зерттеулер лабораториясының директоры, Калифорния университетінде токсикология ғылымының докторы, профессор Джамаляддин Ибрагим.

Әйелдер орындайтын идданың түрі екіге бөлінеді:

  1. Күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі идда
  2. Ажырасудан кейінгі идда.

Шариғаттағы идда белгілеуге нұсқайтын Құраннан кейбір аятты келтірейік:

«...Ал жүкті әйелдердің мерзімдері олар босанғанға дейін» («Таләқ» сүресі, 4-аят).

«Талақ болған әйелдер үш етеккір мерзімін күтеді» («Бақара» сүресі, 228-аят)

 «Етеккірден қалған әйелдеріңнен күмәндансаңдар, олардың “ғыддаты” мерзімі үш ай. Және әдет көрмеген әйелдердің мерзімдері де сондай» («Таләқ» сүресі, 4-аят)

 «Сендерден қайтыс болып (артында) қалдырған әйелдердің өздері төрт ай он күн (ғыддат) күтеді» («Бақара» сүресі 234-аят)

science dna4

Еврейден шыққан америкалық эмбриолог Роб Гиллхам (Robert M. Gillham) талақ берілгеннен кейін әйелдер күтуі тиіс мерзімді белгілеген Құран аяттарымен танысып шыққан соң Ислам дінін қабылдайды.

Альберт Эйнштейн атындағы институт ғалымының назарын аудартқан нәрсе – ажырасқан әйелдер күйеуге шықпас бұрын тиесілі мерзімді күтуге  Құран міндеттейді. Оны таңғалдырғаны – өзі жүргізген зерттеулер нәтижелері әйелдің ағзасы еркектің хромосомдық «ізтаңбасынан» толық тазару үшін дәл сондай уақыт керек екенін көрсеткен.  

Мысырлық ұлттық орталықтың медицина профессоры, доктор Абдель Басет ас-Саидтың айтуы бойынша, Гиллхам зерттеу жұмыстары кезінде жыныстық қатынастан кейін әйелдің организмі ай сайын еркектің «ізтаңбасынан» 30%-ға ғана тазаратынын, ал толық тазару үшін Құранда жазылған үш етеккір мерзімі керектігін анықтаған.

Бұл жаңалық ғалым үшін Құранның кереметтілігін мойындауға салмақты дәйек болды.

quran science dna

Алғашқыда эмбриолог өз тәжірибелерін АҚШ-тың мұсылмандар аудандарында, кейін мұсылмандық емес аймақтарда жүргізген. Осылайша Гиллхам мұсылман келіншектерге қарағанда басқа әйелдер өз денесінде бірнеше еркектің хромосомдарын сақтағанын біледі.   

Ал, өз әйелін зерттеген ол көзіне шөп салынғанын анықтайды. Өйткені әйелінің ағзасында үш түрлі ер адамның хромосомдық іздерін табады. Сөйтіп ол өзінің үш баласының біреуі ғана биологиялық перзенті деген тұжырымға келеді. «Жер бетіндегі ең таза әйелдер – мұсылман қыздар» дейді эмбриолог.

Атап өтейік, бұл әлемдік эмбриологияда кездескен жалғыз мысал емес. Кезінде әйгілі канадалық ғалым Кейт Мур, анатомия мен эмбриология саласындағы беделді мамандардың бірі, 8 тілге аударылған «Адам эмбриологиясы» кітабының авторы: «Құранды білгенімде Нобель сыйлығын 20 жыл бұрын алар едім» деген екен.   

Эмбрионның даму кезеңдерін зерттеген Мур оның Құранда сонау мың жарым жыл бұрын дәлме-дәлдікпен сипатталғанын оқып таңғалады.  Ол кейіннен «Адам эмбриологиясы ислам қосымшаларымен» атты кітап жазады.

Мәдина ЖАҚЫП

ummet.kz

Бөлісу: