24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бесін намазы

Бесін намазы

Намаз

(бесін намазы – 4 рәкәғат сүннет, 4 рәкәғат парыз және 2 рәкәғат сүннет)

Бесін намазының 4 рәкәғат сүннетінің оқылу тәртібі

Әуелі ниет етіледі: «Бесін намазының төрт рәкәғат сүннетін өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына хаалисан лилләәһи таъаалаа», Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады. Ерлер екі алақанын құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, басы сәл төмен иіліп, құлақ қағумен бірге «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Әйелдер екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Ерлер оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстауы керек. Осылайша қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйелдер оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды: «Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук».

Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:

Фатиха сүресі

Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.

Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады).

Фил сүресі

Әләм тәро кәйфа фаъалә роббука би асхаабил фиил, әләм иажъал кәйдаһум фии тадлиил, уа әрсәлә ъаләйһим тойрон әбәәбиил, тәрмииһим бихижааратим миң сижжиил, фәжә ъалаһум кәъасфим-мә’ куул.

«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Ерлер саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарымен тізені шеңберлей, қапсыра ұстайды да бас пен арқа бір деңгейде болып, шынтақ пен тізені түзу ұстайды. Әйелдер саусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. Ер мен әйел рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады.

Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деген тәсбихты айтады. Ерлер сәждеде білектерін денесінен ажыратып, аяқ сандары мен денені бір-біріне тигізбей, шынтағын да жерге тигізбей ұстап, екі аяғының саусақ ұштарымен жер тірейді. Әйелдер сәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді.

Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. Тік тұрғанда ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ және кішкентай саусақпен сол қолдың білезігін қапсыра ұстайды, қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, бесін намазының 4 рәкәғат сүннетінің 1-рәкәғаты бітті. 

Ескерту: Екінші, үшінші және төртінші рәкәғаттарда алғашқы рәкәғаттағыдай ниет етілмейді, сана дұғасы оқылмайды, әъуузу айтылмайды. Тек қана «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

Фатиха сүресі

Құрайыш сүресі

Ли-ииләәфи құраййш, ииләәфиһим рихләтәш-шитәә-и уассойф, фәл яъбудуу роббә һәәзәл бәйт, әлләзии әтъамаһум миң жууъиу уа әә-мәнаһум мин хауф.

Қосымша сүрені оқыған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады.

Ерлер сол аяғының балтырын жерге төсеп, үстіне отырады да оң аяғын тік ұстап, саусақ ұштарын құбылаға қарату үшін қайырып отырады. Әйелдер болса екі аяғын оң жаққа жіберіп, жартылай жамбастап жерге отырады. Ер мен әйел намазда отырғанда назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде әт-тахият дұғасын оқиды: «Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

«Әт-тахият» дұғасының әшһаду әл «ләә» деген жеріне келгенде сұқ саусақты жоғары көтеріп, «иллаллааһу» сөзін айтпай тұрып саусақты түсіреді. Саусақты көтеру тәсілі. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың (ортан терек) ұштарын қосып шеңберлей біріктіріп, қалған екі саусақ жұмылып, сұқ саусақты ғана жоғарыда көрсетілген сөздер арасында бір рет қана жоғары көтеріп, қайта түсіреді.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесіне таянып тұрады. Орнынан тік тұрып, ер адам қолын кіндік астына байлап, әйел адам қолын көкірек тұсына қояды. Ер мен әйел тік тұрғанда назарын сәжде жасайтын орынға бағыттайды. Міне, бесін намазының 4 рәкәғат сүннетінің 2-рәкәғаты да бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 3-рәкәғатты бастайды.

Фатиха сүресі

Тәббат сүресі

Тәббат иядәә әбии ләһәбию уә тәбб. Мәә әғнәә ъанһу мәә луһуу уә мәә кәсаб. Сә-яас-ләә нәә-роң зәә-тә ләһаб. Уәмро ә-туһуу хаммаа ләтәл-хатоб. Фии жии диһәә хаблуммим-масад.

«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген сөзді айтады. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап, екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» сөзін тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден тік тұрып, ер адам қолын кіндік астына байлап, әйел адам қолын көкірек тұсына қояды. Ер мен әйел тік тұрғанда назарын сәжде жасайтын орынға бағыттайды. Міне, бесін намазының 4 рәкәғат сүннетінің 3-рәкәғаты да аяқталды. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқумен 4-рәкәғатты бастайды.

Фатиха сүресі

Ықылас сүресі

Қул һуаллааһу ахад, Аллааһус-сомад, ләм ялид уә ләм иююләд, уә ләм якул-ләһуу куфу-уан ахад.

«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген сөзді айтады. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, бойын тіктеген соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген сөзді айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады. Ер мен әйелдің отырыс кезіндегі назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде мына дұғаларды оқиды:

«Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

«Аллааһумма солли ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә соллайтә ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид. Аллааһумма бәәрик ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәракта ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид».

«Рәббәнәә әә-тинәә фид-дуния хасанатән, уа фил әә-хироти хасанатан, уа қинәә ъазәәбән-нәәр».

Сосын: «Әс-сәләәму ъаләйкум уа рахматтуллаһ» деп әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем береді. Бұл кезде екі көз иыққа қарайды. Сосын екі қолды жайып, мына дұғаны оқиды: «Астағфируллааһ (3 рет), Аллааһумма әнтәс-сәләәму уа мин-кәс-сәләәм, тәбәәроктә иәә залжәләәли уәл икроом. Бирахматика я архамар роохимиин». Аумин, - деп бет сипайды.

Міне, осымен бесін намазының 4 рәкәғат сүннеті аяқталды.

Бесін намазының 4 рәкәғат парызының оқылу тәртібі

Әуелі қамат айтылады, (қаматты әйелдер айтпайды) сосын ниет етіледі: «Бесін намазының төрт рәкәғат парызын өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына (ұйыдым осы имамға) хаалисан лилләәһи таъаалаа», Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады. Ерлер екі алақанын құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, басы сәл төмен иіліп, құлақ қағумен бірге «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Әйелдер екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстауы керек. Осылайша қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды: «Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук».

Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:

Фатиха сүресі

Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.

Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады).

Кәфирун сүресі

Қул яәә әйюһәл кәәфируун. Ләә аъбуду мәә тәъбудуун. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Уәләә әнә ъаабидум-мәә ъабәттум. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Ләкум диинукум уәлия диин.

«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Ерлер саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарымен тізені шеңберлей, қапсыра ұстайды да бас пен арқа бір деңгейде болып, шынтақ пен тізені түзу ұстайды. Әйелдер саусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. Ер мен әйел рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады.

Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады. (Имамдыққа шыққан адам «Раббәнәә уә ләкәл хамд» тәсбихын айтпайды, ал жамағат «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деген сөзді айтпайды, тек қана «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады. Алайда, жеке намаз оқушы адам екеуін де айтады).

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деген тәсбихты айтады. Ерлер сәждеде білектерін денесінен ажыратып, аяқ сандары мен денені бір-біріне тигізбей, шынтағын да жерге тигізбей ұстап, екі аяғының саусақ ұштарымен жер тірейді. Әйелдер сәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді.

Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. Тік тұрғанда ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ және кішкентай саусақпен сол қолдың білезігін қапсыра ұстайды, қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, бесін намазының 4 рәкәғат парызының 1-рәкәғаты бітті. 

Ескерту: Екінші, үшінші және төртінші рәкәғаттарда алғашқы рәкәғаттағыдай ниет етілмейді, сана дұғасы оқылмайды, әъуузу айтылмайды. Тек қана «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

Фатиха сүресі

Насыр сүресі

Изәә жәәәә-ә насруллааһи уәл-фатх. Уа ра әйтәннәәсә ядхулууна фии дии нилләәһи әф-уәәжәә. Фәсәббих бихамди раббикә уәстағфирһ, иннаһуу кәәнә тәу-уәәбәә.

Қосымша сүрені оқыған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады.

Ерлер сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады да оң аяғын тік ұстап, саусақ ұштарын құбылаға қарату үшін қайырып отырады. Әйелдер болса екі аяғын оң жаққа жіберіп, жартылай жамбастап жерге отырады. Ер мен әйел намазда отырғанда назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде әт-тахият дұғасын оқиды: «Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

«Әт-тахият» дұғасының әшһаду әл «ләә» деген жеріне келгенде сұқ саусақты жоғары көтеріп, «иллаллааһу» сөзін айтпай тұрып саусақты түсіреді. Саусақты көтеру тәсілі. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың ұштарын қосып шеңберлей біріктіріп, қалған екі саусақ жұмылып, сұқ саусақты ғана жоғарыда көрсетілген сөздер арасында бір рет қана жоғары көтеріп, қайта түсіреді.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесіне таянып тұрады. Орнынан тік тұрып, ер адам қолын кіндік астына байлап, әйел адам қолын көкірек тұсына қояды. Ер мен әйел тік тұрғанда назарын сәжде жасайтын орынға бағыттайды. Міне, бесін намазының 4 рәкәғат парызының 2-рәкәғаты да бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха сүресін оқып, 3-рәкәғатты бастайды.

Ескерту: парыз намаздардың үшінші және төртінші рәкәғаттарында Фатиха сүресінен кейін қосымша сүре оқылмайды.

Фатиха сүресі

Фатиха сүресін оқып болған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген сөзді айтады. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап, екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» сөзін тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден тік тұрып, ер адам қолын кіндік астына байлап, әйел адам қолын көкірек тұсына қояды. Ер мен әйел тік тұрғанда назарын сәжде жасайтын орынға бағыттайды. Міне, бесін намазының 4 рәкәғат парызының 3-рәкәғаты да аяқталды.

«Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха сүресін оқумен 4-рәкәғатты бастайды.

Фатиха сүресі

Фатиха сүресін оқып болған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген сөзді айтады. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, бойын тіктеген соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген сөзді айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады. Ер мен әйелдің отырыс кезіндегі назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде мына дұғаларды оқиды:

«Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

«Аллааһумма солли ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә соллайтә ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид. Аллааһумма бәәрик ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәракта ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид».

«Рәббәнәә әә-тинәә фид-дуния хасанатән, уа фил әә-хироти хасанатан, уа қинәә ъазәәбән-нәәр».

Сосын: «Әс-сәләәму ъаләйкум уа рахматтуллаһ» деп әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем береді. Бұл кезде екі көз иыққа қарайды. Сосын екі қолды жайып, мына дұғаны оқиды: «Астағфируллааһ (3 рет), Аллааһумма әнтәс-сәләәму уа мин-кәс-сәләәм, тәбәәроктә иәә залжәләәли уәл икроом. Бирахматика я архамар роохимиин». Аумин, - деп бет сипайды.

Міне, осымен бесін намазының 4 рәкәғат парызы аяқталды.

Бесін намазының 2 рәкәғат сүннетінің оқылу тәртібі

Әуелі ниет етіледі: «Бесін намазының екі рәкәғат сүннетін өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына хаалисан лилләәһи таъаалаа», Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады. Ерлер екі алақанын құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, басы сәл төмен иіліп, құлақ қағумен бірге «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Әйелдер екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Ерлер оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстауы керек. Осылайша қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйелдер оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды: «Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук».

Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:

Фатиха сүресі

Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.

Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады).

Асыр сүресі

Уәл ъаср, иннәл инсәәнә ләфии хуср, илләлләзиинә әәмәнуу уа ъамилус-соолихаати уа тауаасау бил-хаққи уа тауаасау бис-собр.

«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Ерлер саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарымен тізені шеңберлей, қапсыра ұстайды да бас пен арқа бір деңгейде болып, шынтақ пен тізені түзу ұстайды. Әйелдер саусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. Ер мен әйел рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады.

Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деген тәсбихты айтады. Ерлер сәждеде білектерін денесінен ажыратып, аяқ сандары мен денені бір-біріне тигізбей, шынтағын да жерге тигізбей ұстап, екі аяғының саусақ ұштарымен жер тірейді. Әйелдер сәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді.

Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. Тік тұрғанда ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ және кішкентай саусақпен сол қолдың білезігін қапсыра ұстайды, қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, бесін намазының 2 рәкәғат сүннетінің 1-рәкәғаты бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

Фатиха сүресі

Кәусәр сүресі

Иннәә әътойнаа кәл-кәусәр, фасолли лироббика уәнхар, иннә шәәни-әкә һуәл әбтәр.

Қосымша сүрені оқыған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады.

Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады да оң аяғын тік ұстап, саусақ ұштарын құбылаға қарату үшін қайырып отырады. Әйелдер болса екі аяғын оң жаққа жіберіп, жартылай жамбастап жерге отырады. Ер мен әйел намазда отырғанда назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде әт-тахият дұғасын оқиды: «Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

«Аллааһумма солли ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә соллайтә ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид. Аллааһумма бәәрик ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәракта ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид».

«Рәббәнәә әә-тинәә фид-дуния хасанатән, уа фил әә-хироти хасанатан, уа қинәә ъазәәбән-нәәр».

Сосын: «Әс-сәләәму ъаләйкум уа рахматтуллаһ» деп әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем береді. Бұл кезде екі көз иыққа қарайды. Сосын екі қолды жайып, мына дұғаны оқиды: «Астағфируллааһ (3 рет), Аллааһумма әнтәс-сәләәму уа мин-кәс-сәләәм, тәбәәроктә иәә залжәләәли уәл икроом. Бирахматика я архамар роохимиин». Аумин, - деп бет сипайды.

Міне, осымен бесін намазының 2 рәкәғат сүннеті де аяқталды.

Осылайша намазды толық бітірген соң Аятул курси оқылады:

Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим. Аллааһу ләә иләәһә илләә һуәл-хайюл-қаюуум, ләә тә’ хузуһуу синәтуу уә ләә нәуум, ләһуу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мәң зәлләзии яшфаъу ъиңдаһуу илләә би-изниһ, яъламу мәә бәйнә әйдииһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхиитууна би-шәй-иммин ъилмиһии илләә би мәә шәә, уасиъа курсиюһус-сәмәәуәәти уәл-ард, уә ләә я-уудуһуу хифзуһумәә уә һуәл ъалиюл ъазим.

Аятул курсиді бітірген соң төмендегі сөздер 33 реттен айтылады:

1.Субхааналлааһ – 33 рет

2.Әлхамдулиллааһ – 33 рет

3.Аллааһу әкбар – 33 рет

Сосын мына дұға оқылады:

Ләә иләәһә иллаллааһу уәхдәһуу ләә шәриикә ләһ, ләһул мулку уәлаһул хамду, уә һуә ъалаа кулли шай-ин қодиир.

Осы дұғадан соң барып екі қолды жайып бата жасайды.

«Аллаһым, бір өзіңнің ризалығың үшін оқыған бесін намазының қате-кемшіліктері болса, кешіріп қабыл ете гөр! Біздердің біліп-білмей жасаған күнә-қателерімізді кешіре гөр. Асымызға адалдық басымызға амандық беріп, түрлі пәлекет пен тіл, көзден сақтай гөр. Иә, Аллаһым істеген кәсібімізге береке беріп не берсең де хайырымен жақсылығымен нәсіп ете гөр. Осы жасаған дұға-тілектерімізді қабыл ете гөр. Раббәнәә әә-тинәә фид-дуния хәсәнәтән, уә фил әә-хироти хәсәнәтән, уә қинәә ъәзәәбән-нәәр. Уә сәләәмун ъаләл мурсалиин. Уәлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин», - аумин, аллаһу әкбар деп бет сипайды. (басқада өзінің білетін бата-тілегін жасауына болады).

Міне, сонымен бесін намазы толығымен аяқталды.

Алла тағала ықыласпен оқыған намазымызды қабыл етсін!

Ескертулер:

«Ъ» әріпі қойылған жер араб тіліндегі «айн» әрпінің орны. Сондықтан ол жердегі әріп тамақтан қысыңқы жаңғыра дыбысталады.

«Һ» әріпі жеңіл іштен шығып, тамақта кедергіге ұшырамай дыбысталады.

«З» асты сызылған әріптер сақау болып дыбысталады.

«ИИ» екі рет жазылған әріптер созылып оқылады.

Қосымша сүре деп намазда Фатиха сүресінен кейін оқылатын кез келген сүрелерді айтамыз. Сондай-ақ, бір намазда қосымша сүре ретінде жазылған сүрелерді міндетті түрде оқу керек деп түсініп қалмаңыз. 114 сүренің кез келген сүресі мен аяттарын оқуға болады. Алайда, Фатиха сүресінен кейін бір сүре немесе ең кемі 3 аят яки ұзын 1 аят оқылуы тиіс.

Құран сүрелері мен намаз дұғаларының намаз кітаптарында әртүрлі берілетін жағдайлар кездеседі. Мәселен, бір кітапта «хәсәнатән» делінсе басқа кітапта «хәсәнәһ» деп беріледі. Мұның себебі, араб тілінің оқылу ережесіне сай жалғастырып оқығанда «хәсәнатән», ал тоқтап оқыған жағдайда «хәсәнәһ» болып өзгереді. Әр кітапта әртүрлі болып берілуінің себебі осында. Бұл екі үлгі де дұрыс болып саналады.

Фатиха сүресінен кейін оқылатын қосымша сүрені «Бисмилләсіз» бірден оқиды.

Имамға ұйып намаз оқитын адам ниет еткенде «ұйыдым осы имамға» деген сөзді қосады.

Таң, ақшам, құптан намаздары жария намаздарға жатады. Ал, бесін мен асыр намаздары құпия намаздарға жатады. Жария намаздардың парыздары жамағатпен оқылған жағдайда міндетті түрде жария оқылуы тиіс. Ал, жеке оқыған адам құпия оқуына болады. Алайда, құпия оқылатын намаздар жамағатпен де жеке оқылғанда да құпия оқылады.

Әйел адамдар парыз намаздарда қамат айтпай, бірден оқи береді.

 Төлеби ОСПАН,

Арнайы ummet.kz сайты үшін

Бөлісу: