24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаздыгер намазы

Намаздыгер намазы

Намаз

Намаздыгер намазының парыздан бұрын оқылатын төрт рәкат сүннеті – мүәккад болмаған сүннет (Яғни, бекітілмеген сүннет).

Мұның әрбір екі рәкаты өз алдына жеке намаз секілді(мысалы, таң намазының екі рәкат парыз секілді). Сондықтан бұл намазға бастарда адам намаздыгер намазының төрт рәкатына ниет етеді де, алғашқы екі рәкаттан кейін отырып, «әт-тахият» пен «салауатты» оқиды. Яғни, бұл жерде дұға оқылмайды. Міне, осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп, қайта үшінші рәкатқа бастайды. Бұл үшінші рәкатты бастарда намазды жаңадан бастағандай етіп, алдымен «субханака», «әуз’у мен бисмиллаһ», одан кейін «Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ пен сәждеге барады. Бұдан кейін тәкбір айтып, төртінші рәкатты бастайды. Рүкүғ пен сәждеден кейін отырып, «әт-тахия», «салауат», дұға оқып, екі жаққа сәлем береді.

Намаздыгер намазының төрт рәкат парызы дәл бесін намазының төрт рәкат парызы секілді оқылады. Айырмашылығы – намаздыгер намазына ниет ету. Бұл намаз құпия оқылады.

(материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды)

Бөлісу: