24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Зекет пен садақа берудің де әдебі бар

Зекет беруде және садақа таратуда әдепті болу өте маңызды. Мәселен, садақа беруші кісі садақа берерінде алған кісіге алғаны үшін рақмет айтатындай сезімде болу керек. Өйткені, алған кісі берген кісінің парызын өтеуіне себепші болып, сауапқа жеткізіп отыр. Сонымен қатар, берілген садақалар берген кісіге аурудан және пәлекет келуіне бөгет болады.

Пітір садақаны ораза айт біткеннен кейін де беруге бола ма?

Пітір садақа беру – ораза айт күні таң намазының уақыты кіргенде міндет болады. Сол күні кешке дейін беріп үлгеру керек. Немесе Ораза айтқа дейін, Рамазан ішінде берсе де саналады. Дәл айт күні беру шарт емес. Мысалы, оразаның соңғы он күнінде, қадір түнінде т.б.

Зекет пен пітір садақасын мешіт құрылысына берсе бола ма?

Қағида бойынша, зекет пен пітір садақалары мешіт құрылысына берілмейді. Өйткені зекет пен пітірде басты шарт "тәмлик ", яғни, мұқтаж жанның иелігіне беру.

Зекет бермегендердің тартатын жазасы

Алла Тағала: «Алтын-күмістен қазына жинап, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. (Қиямет) күні олар (яғни алтын-күмістері) тозақ отына қыздырылып, мұнымен олардың маңдайы, бүйірі және арқасы үтіктеледі де, (оларға): «Міне, мынау – өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жиғандарыңның (дәмін) татыңдар» (деп айтылады)» , – деген.

Зекет пен садақа берердегі ең маңызды жағдай

Зекет, садақа сияқты қайыр істеріндегі маңызды жағдайлардың енді бірі жасырын болуға назар аудару. Өйткені ашықтай берілген садақа, алған кісінің арлану сезіміне зиян келтіреді.

Өзгеге бергенің – өзіңе қалдырғаның

Қоғамдағы пақыр және қиналып жүргендерге жәрдем ретіндегі қайыр-садақалар қоғамдық тепетеңдіктің және тәртіптің жалғасуын қамтамасыз ететін болғандықтан дүниеде де, ақыретте де сауабы көп болады.