25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Садақа бер де, сауап ал

Аса Рақымды Мейрімді Алланың атымен бастаймын.

Күллі мадақ пен мақтаулар Ұлы Раббымыз Аллаға ғана тән. Адамзаттың ұлы ұстазы әз Пайғамбарымызға сәлем жолдап, сансыз салауат айтамыз. Сондай-ақ Алла елшісінің пәк отбасф мен ардақты сахабаларына Жаратқанның жақсылығын тілейміз.

«Зекет» – араб тілінен енген сөз. Бұл сөздің тілдік мағынасы «көбею, өсу, тазару» дегенді білдіреді. Құран кәрімде قد أفلح من تزكى «Расында өз нәпсісін тазартқан кісі (тозақ азабынан) құтылды,» [1]–деп, зекет берудің тазару мағынасында қолданылғандығы бұған дәлел.

Сауда тауарларының зекеті

Сауда  тауарларының  зекетіне  байланысты дәлелдер: Алла Тағала «Бақара» сүресінің 81-аятында: «Ей, иман еткендер, тапқандарыңның және сендер үшін жерден шығарғандарымыздың адал және тазаларын Алла үшін жұмсаңдар».

Түйенің зекеті

Түйе зекетінің нисап мөлшері мен парыз болған мөлшері Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерінде анық көрсетілген.

Күмістің зекеті

Дінімізде белгілі мөлшердегі бағалы түсті металлдарға да зекет парыз етілген.

Алтынның зекеті

Жоғарыда алтынның белгіленген нисап мөлшері – 85 грамм дедік. Міне осы 85 грамм алтыннан 2.125 грамм зекет ретінде беріледі. Бұл – 2,5%, яғни, 85 грамның қырық та бірі деген сөз.

Ақшаның зекеті

Пайғамбарымыз (ﷺ) дәуірінде қазіргідей қағаз ақша емес, динар (алтын ақша) мен дирһам (күміс ақша) қолданылғандықтан, қазіргі қағаз ақшаның зекет нисабын белгілеуде алтын мен күміс негізге алынып есептеліп отыр. Алтынның нисабы – 85 грамм.

Қырда бағылған қой мен ешкі саны қырық болса, нисап мөлшеріне жеткен болып есептеледі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

Зекет–адамдар арасындағы теңдікті сақтау, кедей-кепшіктер мен байлар арасындағы қарым-қатынас пен бауырмалдықты күшейту үшін Алла тарапынан бекітілген үкім. Алайда зекетке қатысты үкімнің де өзіндік шарттары бар. Зекет адамның мал-мүлкіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бұлар төмендегідей: