25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Зекет

Зекет

«Зекет» – араб тілінен енген сөз. Бұл сөздің тілдік мағынасы «көбею, өсу, тазару» дегенді білдіреді. Құран кәрімде قد أفلح من تزكى «Расында өз нәпсісін тазартқан кісі (тозақ азабынан) құтылды,» [1]–деп, зекет берудің тазару мағынасында қолданылғандығы бұған дәлел.

Ал зекеттің шариғаттағы терминдік мағынасы: «нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман Алла ризалығы үшін байлығының бір бөлігін шариғатқа сай жылына бір мәрте Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беру» дегенді білдіреді.

Құран мен  хадисте зекет атауы  кейде садақа сөзімен бір мағынада қолданылған. Мысалы:

خُذْ مِنْ أَمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِمْ بِهَا

«(Мұхаммед с.а.с) Олардан садақа ал, сол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің»[2]–дейді. Муазды (р.с.) Йеменге жіберген кезде Пайғамбарымыз (с.а.с): أعلمهم أن الله افترض عليهم صدقة في أموالهم  «Алла Тағала олардың байларына малынан зекет беруді парыз еткендігін үйрет,»[3]–дейді.

 


[1] Шамс 9

[2] Тәубе 103

[3]Бухари «Зекет 1395»

Бөлісу: