Біліп қой: ғылым мен ғибадат – бұлекі асыл жауһар, олардың құрметі үшін сен көріп, естіп жүрген барлық нәрселер жасалады: кітап жазушылардың еңбектері, мұғалімдердің сабақтары, уағыз айтушылардың насихаттары, ойшылдардың талдаулары.
Тіпті сол үшін кітаптар түсірілді, пайғамбарлар жіберілді, және сол мақсатта аспан мен жер және олардың ішіндегі жаратылыстар жаратылды. Алла Тағаланың кітабындағы екі аятқа терең ой жүгірт:
Біріншісі – АллаТағаланың мына сөзі: «Алла жеті аспанды және жерден соларға ұқсастарын жаратты. Олардың арасында әмір түсіп отырады. Мұның бәрі сендер Алланың әр нәрсеге құдіретті екенін және Алланың әр нәрсені толық білетінін түсіну үшін» («Талақ» сүресі, 12-аят). Бұл аят ғылымның, әсіресе, таухид ілімінің құрметін көрсетуге жеткілікті дәлел.
Екіншісі – АллаТағаланың мына сөзі: «Жындар мен адамдарды Өзіме ғибадат етсін деп қана жараттым»(«Зәрият» сүресі, 56-аят). Бұл аят ғибадаттың қадірі мен оған берілу қажеттілігін көрсететін анық дәлел. Сол екі ұлы мақсат – ғылым мен ғибадат – екі дүниенің жаратылуының мәні екенін ұмытпа!
материал «101 даналық» кітабынан алынды,
ummet.kz