Хазреті Әли (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Менің атымнан жалған сөз айтпаңдар, кімде-кім айтса, өзіне тозақтан орын дайындасын!»,- деп айтқанын естігенмін.
Абдулла ибн Зубайр (р.а.) атасына: «Сіз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы пәленше-түгенше сияқты сөйлемей жатырсыз»,- депті. Сонда Зубайр: «Шындығында, мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) ажырамай бірге жүргенмін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзінен естігенмін: «Кімде-кім менің атымнан жалған сөйлесе, өзіне тозақтан орын дайындай берсін!»,- деп айтқан»,- деді.
Әнас ибн Мәлік (р.а.) айтты: «Мен сендерге көп хадис айтып беруші едім ғой, бірақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір сөз мені бетімнен қайтарады, ол кісі: «Кімде-кім менің атымнан жалған сөйлесе, өзіне тозақтан орын дайындай берсін!»,- деп айтқан»,- деді.
Сәлама (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім менің атымнан айтпағанымды айтса, ол еш күмәнсіз өзінің тозақтағы орнына жайғасады!»,- деді.
Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Менің есімімді перзенттеріңе қоя беріндер, бірақ менің жанама атымды қоймаңдар! Кімде-кім мені түсінде көрсе,онда шынымен мені көргені, өйткені шайтан менің бейнеме кіре алмайды, кімде-кім менің атымнан жалған сөз сөйлесе, өзіне тозақтан орын даярлай берсін!»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz