24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбар мешіті қалай жарықтандырылған еді?

Пайғамбар мешіті қалай жарықтандырылған еді?

Сұрақ-Жауап

Құрметті оқырман,

Алда келе жатқан Мәуліт мерекесінің құрметіне орай Алла Елшісі (ﷺ) жайлы білімімізді жаңартайық әрі толықтыра түсейік деген ниетпен «Сұрақ-Жауап» айдарында «Пайғамбарымыз ﷺ жайлы 111 сұрақ» кітабынан үзінділер жариялап отыруды ұйғардық.

Алла қайырлы ілімімізді арттырсын!

һижреттің алғашқы жылдарында таң мен құптан намаздары кезінде мешіт ішіне кептірілген құрма ағаштары жағылып жарық берілетін. Тәмимүд-Дари деген сахаба Шамнан алтын шырағдан бауларын ала келген екен. Бір жұма кешінде соны жағып қояды. Шырағданның ішіне білте салып, зәйтүн майын құйған екен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітке кіріп келіп аң-таң болады. Мұны істеушінің Тәмимүд-Дари екенін естіп, ол кісіге: «Сен Исламды нұрландырдың, мешітті көркейттің. Алла да сені дүние мен ақиретте нұрландырсын», - деп дұға етеді. Кейін осы әдісті тұрақты қолданады. Шамды Фатих деген бозбала жағып жүрді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны «Сираж» деп атайын. Келе-келе халайық оны осылайша атап кеткен деседі.

Ummet.kz

Бөлісу: