15
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Имам Ғазалидің жиі айтқан дұғасы

Имам Ғазалидің жиі айтқан дұғасы

Ислам тарихы

Адамның бұл дүниедегі өмірі – өткінші, бірақ оның артында қалдырған ізі мәңгілік. Имам әл-Ғазалидің мұрасы – сол ізгі іздердің бірі.

Имам әл-Ғазалидің мұрасы – сол ізгі іздердің бірі. Бұл сөздер сіздің рухани әлеміңізге тереңдік қосып, өміріңізге шынайы бағытбағдар береді деп сенеміз. Әрбір айтылған кеңес пен насихат сізді өз нәпсіңізбен күресуге, жүрегіңізді тазартып, Алланың разылығын іздеуге шақырады. Біздің әрқайсымыздың қолымыздан келетін ең маңызды амал – Раббымызға шынайы құлшылық жасап, бұл өмірді мәнді өткізіп, мәңгілік сапарға дайындалу.

Имам Ғазалидың үнемі айтып жүрген дұғасы мынадай:

Алла Тағалам! Сенен рақымыңды сұраймын. Сол рақым арқылы жүрегімді тура жолға бағытта, істерімді ретке келтір, шашыраған жағдайымды жинақта, алыстағанымды жақындат, дінімді түзет. Мені сырттай да, іштей де қорға, амалдарымды көркейтіп, жүзімді нұрландырып, маған дұрыс бағыт көрсет. Ақиқатқа жетелеп, мені әрбір жамандықтан сақта. Алла Тағалам! Жүрегіме шынайы орныққан иман нәсіп ет. Шынайы сенім бер және маңдайыма жазған тағдырыңа разы ет!

материал «101 даналық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: