16
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Әйел кісіде намаз оқығанында неше киімі болуы керек?

Әйел кісіде намаз оқығанында неше киімі болуы керек?

Намаз

Айша анамыз (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) таң намазын оқитын (мешітте). Ол кісіге ұйып, паранжы жамылған мүмин әйелдер де намазға тұратын. Содан кейін үйлеріне қайтып кететін.Оларды ешкім танымайтын да еді»,- деді.

Әйел кісі намаз оқитын кезде, үстіне киетін киімі жабылуы тиіс жерлерді жауып қана қоймай, мынадай да талаптарға сай келуі ләзім:

  1. Денесі көрінетіндей жұқа болмауы тиіс
  2. Кең-мол болуы қажет. Дене-бітімін бедерлеп тұратындай тырысып тұрмауы керек.

Мұсылман әйелдің намазға киетін көйлегі:

  • Етегі аяқтың үстіне дейін ұзын,
  • тырыспаған
  • және іші сыртына байқалатындай жұқа емес болуы тиіс.

Осылай болған жағдайда, ішінен қосымша шалбар немесе изар кию шарт емес. Мысалы, өзіңіз айтқандай, намаз оқуға арнайы тігілген көйлек - аталмыш талаптарға сай. Сол себепті, намаз оқитын кезде оның ішінен қосымша шалбар киюдің қажеті жоқ. Кисе де артық болмайды.

«Ішенен шалбар кию шарт емес» деуімнің себебі – риуаяттарға қарағанда Пайғамбарымыздың жұбайы Үмму Сәләмә Алла елшісінен: «Әйел адам намаз оқығанда изарды орамай, тек басындағы орамалымен және көйлегімен оқи ала ма?» - деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Егер көйлек аяғынын үстінгі жағын жауып тұратындай ұзын әрі кең болса, онда болады», – деп жауап береді[2].

Хадистің арабша нұсқасындағы «Диръ»сөзі – кең, әрі ұзын көйлекті білдіреді. Изар – белден төмен орайтын орағыш. Орамал деп аударып отырған «химар» болса, басты мойнымен қосып, көкірек тұсына дейін жауып тұратын шариғат шәлісін білдірмек.   

Аталмыш хадис-шәрифтен түсінгеніміздей, Пайғамбарымыз (оған Алланың игилігі мен сәлемі болсын) «намазник» тәрізді ұзын әрі кең көйлектің ішінен шалбар, изар немесе т.б. сол сияқты өзге қосымша киіс киюдің шарт емес екендігін ұғындырған. 

[1] Толық аты жөні: Үмму Сәләмә Хинд бинт ӘБу Умайя әл-Махзуми (миләди 596-681 ж.).
[2] Әбу Дәуід: «Сүнән». Иснәды сахих.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: