16
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Исламды өлуден қорқып қабылдаған кісінің иманы

Исламды өлуден қорқып қабылдаған кісінің иманы

Ислам тарихы

Алла Тағала аят кәрімінде:

«Бәдәуйлер: «Иман келтірдік»,- деді. (Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық деңдер. Өйткені иман жүректеріне кірмеді. Исламның шын қабыл болуы иман келтіру мен есептеледі. Алла Тағала және бір аятта: «Алланың қасында шынайы дін-Ислам»,- деген. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір топ адамдарға садақа үлестіре бастады. Мен де солардың арасында отыр едім. Расулулла сол жердегі мен білетін бір жақсы адамға садақа бермеді. Мен: «Я Расулулла, пәленшеге неге садақа бермедіңіз? Алламен ант етемін, мен оны мүъмин деп санаймын»,- дедім. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Оны мұсылман деп санамайсың ба?»,- деді. Біраз уақыт отырып, ол адам туралы білетін жағдайларды айтып, тағы да сұрадым: «Неге пәленшеге садақа бермедіңіз? Оны мен мүъмин деп білемін»,- дедім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Мұсылман деп білмейсің бе?»,- деді. Біраз үнсіз қалып және сұрадым. Кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ей, Сағд, ол кісіге берер едім- ау, бірақ одан гөрі басқаларға бергенді дұрыс көрдім, себебі Алла Тағала оны тозаққа түсіре ма деп қорқамын»,- деп жауап берді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: