16
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Мешітте адамдардың (алқа) болып отыру мәселесі

Мешітте адамдардың (алқа) болып отыру мәселесі

Ислам тарихы

Ибн Омар (р.а.) риуаят етті:

«Бір кісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мінберде тұрғанда: «Түнде оқылатын намазды қалай оқу керек?»,- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі рәкаттан, екі рәкаттан оқиды, таң атып кетеді деп қауіптенсе, тағы бір рәкат оқысын, сонда оқығаны – үтір намазына есеп»,- деді. Ибн Омар (р.а.): «Түнгі намаздарыңды бір рәкаттан оқып аяқтаңыздар, өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) солай бұйырған»,- деп жиі айтатын.

Хазреті Омар (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мінберде уағыз айтып тұрғанда, бір кісі келіп: «Түнгі намаз қалай оқылады?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі рәкаттан. Екі рәкаттан оқылады. Егер таң атып кетуден қауіптенсе және бір рәкат оқысын, сонда оқығаны үтірге есептеледі»,- деді.

Әбу Уақид әл-Ләйсии (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітте жамағатпен бірге отырғанында, үш кісі келді. Соның екеуі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасына келді. Ал, біреуі кері қайтып кетті. Екі кісінің бірі дөңгелене отырғандардың арасынан бос жер тауып отырды. Екіншісі болса, отырғандардың арт жағына келіп отырды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сұхбатын бітірген соң: «Сіздерге үш кісі туралы хабар айтайын ба? Біріншісі  – Аллаға өзін тапсырды. (ниетімен Алладан отыратын орын тіледі) Алла тағала оған орын берді. Екіншісі болса, кері қайтып кетуге Алладан ұялды. Бірақ үшіншісі (Расулулланың мәжілісінен) жүзін теріс бұрды, Алла Тағала да одан жүзін теріс бұрды»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: