16
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Қиямет күнгі есе қайтару (қысас) және ақылардың орындалуы

Қиямет күнгі есе қайтару (қысас) және ақылардың орындалуы

Ислам тарихы

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын):

(Бірде) Алла елшісі (с.а.с.) (сахабалардан): «Сендер барынан айырылғанның кім екенін білесіңдер ме?» – деп (сұраған. Сахабалар): «Біздің арамызда барынан айырылған – ешбір дирһамы да, бұйымы да жоқ адам», – деп (жауап береді).

Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, менің үмбетімдегі барынан айырылған адам – Қиямет күні намазбен, оразамен және зекетпен келеді. Алайда ол біреуді тілдеген, біреуді балағаттаған, біреудің малдүниесін жеген, біреудің қанын төккен және біреуді ұрған болады. Оның жақсы амалдарынан (тілденген, балағатталған, ақысы желінген, қаны төгілген, таяққа жығылғандардан) мынаған да, анаған да беріледі. Егер оның мойнындағы (күнәлары) өтелгенше жақсы амалдары таусылып қалса, (жәбірленгендердің) күнәларынан алынып, бұған қосылады. Содан соң ол тозаққа тасталады», – деген (2581/59).

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні ақылар міндетті түрде иелеріне қайтарылады. Тіпті мүйізсіз қойға да мүйізді қойдан есесі қайтарылады», – деген (2582/60).

материал «Муслимнің сахих хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: